Форма входа

Поиск

Календарь

«  Декабрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Наш опрос

Какие проблемы в области информационная безопасность является на Ваш взгляд приоритетными для РК?
Всего ответов: 56

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0




Пятница, 15.12.2017, 09:30
Вы вошли как Гость | Группа "Гости" | RSS
   
Сайт казахстанской школы
социально-ответственной журналистики
Главная | Мой профиль | Выход
Атырауская область


«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» атты Ұлттық ақпараттық кампаниясына
байланысты ұйымдастырылған жұмыстар туралы ақпарат
 
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық Ақпараттық Науқан өткізетіндігін хабарлауына байланысты, Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Бала еңбегін пайдалануды болдырмаудың алдын алу» мақсатында «балалар еңбегін пайдалануды болдырмау» және «балалар түнгі қалада» атты бірлескен іс-шаралар жоспарын жасақтап, облыс әкімінің орынбасарымен бекітті.
   1) Аталмыш жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 31 мамыры күні «Атырау-Ақпарат» КМҚК-нің ғимаратында баспасөз конференциясы өткізілді. Баспасөз конференциясына Атырау облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті және БАҚ өкілдері қатысты. Мақсаты: ағымдағы жылдың 1-12 маусымы аралығында Қазақстан Республикасында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық Ақпараттық Кампанияның басталатындығы туралы облыс халқын хабардар ету.
  2) Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 2011 жылдың 27 мамыры күні қаладағы «Тамаша» сауда орталығының «Игрорай» ойын-сауық кешенінде Атырау облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен және «Игрорай» ойын-сауық кешенінің демеушілігімен «Біз бақытты балдырған» тақырыбында «Ақбота» балалар үйінің 70 тәрбиеленушілеріне және 30 мамыр күні «Атаба» гипермаркетінің ішіндегі «Fanky town» ойын-сауық орталығының демеушілігімен «Мейіріммен әлемді ашамыз» тақырыбында №4 облыстық шипажайлық мектеп-интернатының 25 тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық акциялары өткізілді. Нәтижесінде барлық тәрбиеленушілер ойын автоматтарымен ойнап, көңіл көтерді және ойын-сауық орталықтарының естелік сыйлықтары табысталды. Мақсаты: балаларға демалыс және жақсы көңіл күй сыйлау. Аталмыш шараға Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, «Ақбота» балалар үйінің және №4 облыстық шипажайлық мектеп-интернатының тәрбиешілері мен тәрбиешілері, ата-аналар және БАҚ өкілдері, барлығы – 113 адам қатысты. Сонымен қатар, 1 маусым күні Облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында «Балғын балалық шақ» тақырыбында аталған орталықтағы тәрбиеленушілерге арналған апталық өткізілді. Мақсаты: қадағалаусыз және панасыз, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, өмірде қиын жағдайға тап болған кәмелеттік жасқа толмаған балаларға жайдарлы көңіл күй сыйлау. Барлық тәрбиеленушілер мерекелік шараға қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, демеушілер тәрбиеленушілерге сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ, Құрманғазы алаңында балаларға демалыс және жақсы көңіл күй сыйлау мақсатында мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілері және «Мүгедектер әлемі» мекемесіндегі балалар үшін «Қазақстандағы бақытты балалық шақ» асфальтқа сурет салу байқауы өткізілді. Байқауда «Билайн» компаниясы демеушілік көрсетіп, балаларға сыйлықтар табыс етті.
   3) 2011 жылдың 9 маусымында Жылыой ауданы, Құлсары қаласы № 9 кәсіптік лицей ғимаратында Мемлекеттік органдар өкілдерінің, мектеп психологтарының, мектеп инспекторларының, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, ҮЕҰ, оқушылардың, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Бала еңбегін пайдалануды жою!» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталмыш шарада «Аудандағы жасөспірімдердің қылмыстық жағдайлары және балалар еңбегінің алдын-алу және ескерту мәселелері бойынша», «Оқушылар арасында балалар еңбегінің алдын-алу» бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндамалар тыңдалып, педагогтарға бала құқықтарын қорғау мәселесі бойынша қажетті консультативтік көмектер беріліп, балалармен жұмыс істеуге қажетті әдістемелік материалдар топтамасымен видеоматериалдар таратылды. Шара соңында, ұсыныстар қабылданып және қатысушылардың осы дөңгелек үстелде алған әсерлері тыңдалды.
   4) Атырау облысы бойынша мектеп жанындағы лагерлердің және оқу сауықтыру лагерлерінің демалушыларына «Бала еңбегі және бала еңбегінің ең нашар түрлері: нақты оқиғалар» тақырыбында сурет және «Менің еңбегім – республикамның игілігіне» тақырыбында шығармалар байқауы өткізіліп, жеңімпаздарға ескерткіштер табыс етілді.
   Сурет байқауы бойынша: 
   1 орын – Байғабыл Айкүн - Бесікті орта мектебінің жанындағы жазғы демалыс лагерінің демалушысы;
   2 орын - Қайыров Дастан - Бесікті орта мектебінің жанындағы жазғы демалыс лагерінің демалушысы;
   3 орын - 1) Мақсотова Құралай – Атырау қ. №35 мектеп гимназиясы, 6 сынып оқушысы; 2) Оразов Рафхат - Атырау қ. №35 мектеп гимназиясы, 5 А сынып оқушысы. Алғыс хат: 1) Мұханов Нұрасыл –Исатай ауданы Х.Наубетов атындағы о/м, 4 сынып оқушысы; 2) Алпысбай Қуаныш - 3 А сынып оқушысы.
  Шығармалар байқауы бойынша:
   1 орын – Қоныс Назымгүл –Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, Кенбай о/м, 7 сынып оқушысы;
   2 орын – Тлемісова Ақниет - «Тұлпар» сауықтыру кешенінің демалушысы;
   3 орын – 1) Абишев Айдос – Атырау қаласы, №3 о/м; 2) Бахтыгереева Мейрамгүл - Атырау қаласы, №3 о/м.
   5) 2011 жылдың 10 маусымында «Бала еңбегі және балалар еңбегінің ең төменгі түрлерінің алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге қатысқандар: Мемлекеттік органдардың өкілдері, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ЖОО-ның, колледждің, мектептің психологтары, ҮЕҰ, студенттер, БАҚ өкілдері. Мақсаты: Бала еңбегін – баланың ақыл ойына, адами қалыптасуына, денсаулығы мен білім алуына әсер ететін кез келген жұмыс болып табылатындығын ұғындыру және кең ауқымды насихаттау. Бүгінгі таңдағы Халықаралық еңбек ұйымының «Қазақстанда бала еңбегін болдырмау» жобасын іске асыру. Аталмыш шараны Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мониторинг және ақпараттық талдау қызметі бөлімінің бастығы А.Олжағалиев ашып, бала еңбегі қаналуының алдын-алу мақсатында департаменттің атқарып жатырған жұмыстарын айта келе, осы бағытта қатысушыларды бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бөлім бастығы Е.Арғынов «Бала еңбегіне қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының орындалысы туралы», Қалалық ішкі істер басқармасының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры А.Түсіпқалиев «Атырау қаласы бойынша жасөспірімдердің қылмыстық жағдайлары және балалар еңбегінің алдын алу және ескерту мәселелері бойынша учаскелік полиция инспекторлары мен мектеп полиция инспекторлары қызметтерінің негізгі нәтижелері туралы», Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының «Жарқын болашақ» жастар орталығы кабинетінің психологі Г.Гумарова «Бала еңбегін қанау – балалардың психикасына әсері» туралы баяндама жасады. Сондай-ақ шара барысында «Әлем – бала еңбегіне қарсы!» атты тренинг өтті. Шараға қатысушылар бірқатар ойларын ортаға салып, балалар еңбегінің мәселелері және қоғамның осы мәселеге бет бұруы туралы пікір алмасты, көтерілген мәселелерді жан-жақты талқылады.
   6) Ағымдағы жылдың мамыр – маусым айлары аралығында Атырау қаласындағы Кәсіпкерлікті дамыту орталығында жасөспірімдер мен психологтар үшін «Маркетинг, статегический план», «Салық және құқық», «Қызметкерлерді басқару» тақырыбында бизнес-тренингі ұйымдастырылды.
   7) Еліміздің барлық өңірінде өткізілетін «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық Ақпараттық Науқан шарасы аудандар да өтетіні туралы хабарлаған барлық аудандық білім беру бөлімдерінің хабарландыруы жергілікті газет беттеріне жарияланып, барлық мектептерге білім беру бөлімінің арнайы хаты жолданып, өткізу қажеттігі туралы тапсырмалар берілген. Осы аудандық жоспар негізінде аудан көлемінде білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен 12 күнгі шаралар ішінде барлық аудандарда 1-маусым балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Бақытты бол балдырған», «Әнші балапан» мерекелік концерттер, ән байқаулары, «Әрқашан күн сөнбесін», «Бала еңбегі және бала еңбегінің ең нашар түрлері: нақты оқиғалар» атты сурет көрмелері, «Шынықсаң шымыр боларсын» спорттық сайыстар, «Менің еңбегім – республикамның игілігіне» атты шығарма жазу сайыстары өткізілген. Сонымен қатар аудандық білім беру бөлімдерінің ұйымдастыруымен «Әлем бала еңбегіне қарсы», «Бала еңбегін қанау дегеніміз не?», «Бала біздің болашағымыз» тақырыптарында тренингтер, дөңгелек үстелдер және т.б. кездесулер ұйымдастырылған. Бұл шараларға аудандық ішкі саясат, аудандық ішкі істер бөлімдерінің қызметкерлері, аудандық емханалардан балалардың дәрігерлері, аудандық БАҚ-ның өкілдері, ата –аналар, округ әкімшілігі қызметкерлері қатынасты. Аталған шараларда жалпы «Бала еңбегін қанау дегеніміз не?», «Бала еңбегінің ең ауыр түрлері, адам саудасы сияқты түрлері, олардың денсаулығына зияны мен қоғамға әсері» туралы мәселелерге толықтай түсініктер беріліп, ҰАН-ды мектептерде ұйымдастыруға байланысты нұсқаулықтар берілген. Аудандық білім бөлімдеріне қарасты мектептерде бала еңбегіне қатысты туындайтын сұрақтарға оқушыларға және олардың ата-аналарына құқықтық кеңес беру үшін қоғамдық қабылдау және сенім телефоны жұмыс жасауда.
   8) Барлық атқарылған шаралар бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен ұйымдастырылып, "Балалар еңбегін қанауға қарсы акция өтеді”, "Нет – эксплуатации детского труда!”, "Ата-аналар мен оқушылар назарына!”, "Вниманию детей и родителей!”, "Бала еңбегін қанауға жол жоқ!” атты мақалалар газет беттеріне жарияланып, сондай-ақ Қазақстан-Атырау телеарнасынан «Әлеумет» бағдарламасында «Балалардың құқықтары қалай қорғалуда» тақырыбында тікелей эфирде директордың орынбасары Г.Губашева мен сұхбат жүргізілді, радиодан сұхбат берілді.
   Алдағы уақытта бала еңбегін қанауға қарсы алдын-алу бағытындағы жұмыстар жалғасын таба бермек.

Copyright MyCorp © 2017