Форма входа

Поиск

Календарь

«  Декабрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Наш опрос

Какие проблемы в области информационная безопасность является на Ваш взгляд приоритетными для РК?
Всего ответов: 56

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0




Пятница, 15.12.2017, 09:24
Вы вошли как Гость | Группа "Гости" | RSS
   
Сайт казахстанской школы
социально-ответственной журналистики
Главная | Мой профиль | Выход
Мангистауская область


Маңғыстау облысы бойынша «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес »
Ұлттық Ақпараттық Науқаны шеңберінде өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат
 
   Маңғыстау облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті ағымдағы жылдың 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес » Ұлттық Ақпараттық Науқаны шеңберінде іс-шаралар өткізді. Ұлттық Ақпараттық Науқанның мақсаты:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 179 бабына сәйкес, «он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін ауыр жұмыстарда, сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен имандылығының дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарда (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық мекемелеріндегі жұмыс, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау мен сату) қолдануға тыйым салынады». Аталған бап бойынша жұмыс жасайтын балаларды анықтап, ата-аналарымен, балаларға түсінік жұмыстарын жүргізу.
2) Ұлттық ақпараттың басты міндеті – бала еңбегі, оның кеңістігі мен салдары мәселелеріне БАҚ өкілдерінің міндетті қатысуымен қоғамның назарын салу болып табылады. Аталған шараға орай, 2011 жылдың 1 маусым күні сағат 10.00-де 12 шағынауданындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында Департаменттің ұйымдастыруымен «Оқушы» орталығының аула клубтары домбырашыларының қатысуымен «Ән-шашу» концерттік бағдарламасы, «Толқын» аула клубы балаларының қатысуымен «Бақытты балалық шақ» тақырыбында сурет сайысы өткізілді (қатысқан барлық бала саны -150). Ұлттық Ақпараттық Науқаны шеңбері аясында, аталған тақырыпта Ақтау қаласының тұрғындары арасында балалар еңбегінің сорақы түрлері жөнінде құқықтық білімдер және оны бекіту, бала еңбегін пайдалануға деген қатынасын зерттеу мақсатында сауалнама жүргізілді.
   Сауалнама әдеттегідей тұрғындардың ыңғайына қарай қазақ және орыс тілдерінде, ата-аналарға және балаларға арналып 9 сұрақтан жасақталған. Өткізілген іс-шараға Ш. Есенов атындағы колледжінің оқушылары арасынан құралған еріктілер тобы белсене қатысты (қатысқан адам саны - 10). Осы іс-шараны ұйымдастыру кезінде «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» тақырыбындағы бейнежазулар, бейнефильмдер жергілікті «Қазақстан» РТРК АҚ МОФ, «Қазақстан-Ақтау» РТРК АҚ МОФ Жаңаөзен қалалық өкілдігі, «DAMITI» ЖШС телеарналары тарапынан көрсетілді. Аталған шара аясында рейдтік іс-шаралар өткізу туралы бұйрық шығарылып, арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамына келісім бойынша құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдары мамандары және балалардың құқықтарын қорғау департаменті мамандары енгізілді. «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық Ақпараттық Науқаны шеңбері аясында Маңғыстау облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен Прокуратура, Ішкі істер департаменті, Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Білім басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы, Үкіметтік емес ұйымдары мамандарының қатысуымен рейдтік іс-шаралар маусым айының 6-9 аралығында жүргізілді. Рейд жүргізу барысында жергілікті «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының қызметкерлері қатысып, аталған тақырыпта материал дайындап жұртшылыққа көрсетілді. Жоспар кестесі бойынша Ақтау қаласында орналасқан 5 (бес) сауда орталықтарында, яғни, базарладың аумағында, жоспардан тыс өткізілгелі жатқан іс-шаралар Қазақстан Республикасы 17.07.2006 жылғы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңын басшылыққа ала отырып (17.07.2009 жылы толықтырулар мен өзгертулер енгізілуіне байланысты), прокуратура органдарына тіркеліп өткізілді. 2011 жылдың маусым айының 6-9 аралығында Ақтау қаласындағы 23 шағын ауданда орналасқан «Русказ», 24 шағын ауданда орналасқан Сауда қатарларында, 11 шағын ауданда орналасқан «Заман», 23 шағынауданда орналасқан «Асар-С», 30 шағын ауданда орналасқан «Олжа» базарлары аумақтарында рейдтік жұмыстар жүргізілді. Рейд жүргізу кезінде ешқандай бала еңбегін пайдалану фактілері анықталған жоқ (қатысқан адам саны - 14).
   Сауда орындарындағы кәсіпкерлермен түсіндірмелі жұмыстар жүргізіліп, он сегіз жасқа толмаған балалармен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасасуға тиым салынатындығы жөнінде ескертіліп жаднама, бүктемелер таратылды. Департаменттің ұйымдастыруымен 2011 жылдың 13 маусымында Ақтау қаласындағы Маңғыстау Туризм колледжінде «Балалар қауіпті және зиянды жұмыста: мәселені шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда. Дөңгелек үстелге Прокуратура, Ішкі істер департаменті, Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Білім басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы, Үкіметтік емес ұйымдары мамандары қатысады. Қорыта келе, жыл сайын өткізілетін «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық Ақпараттық Науқаны шеңбері аясында Маңғыстау облысы аймағы толықтай қамтылды. Департаменттің жасақтаған жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар толықтай атқарылып, нәтижесінде әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, балалар еңбегін пайдалану фактілері анықталған жоқ. Мұндай іс-шаралар жыл сайын жүйелі түрде өткізілу жоспарлануда.

Copyright MyCorp © 2017