Форма входа

Поиск

Календарь

«  Февраль 2011  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28

Наш опрос

Какие проблемы в области информационная безопасность является на Ваш взгляд приоритетными для РК?
Всего ответов: 56

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0




Воскресенье, 30.04.2017, 11:57
Вы вошли как Гость | Группа "Гости" | RSS
   
Сайт казахстанской школы
социально-ответственной журналистики
Главная | Мой профиль | Выход
Главная » 2011 » Февраль » 7 » «Ақпараттық қоғам жағдайындағы электронды БАҚ: ұлттық және жаһандық мәселелері, таяу болашағы»
21:34
«Ақпараттық қоғам жағдайындағы электронды БАҚ: ұлттық және жаһандық мәселелері, таяу болашағы»
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
 «Ақпараттық қоғам жағдайындағы электронды БАҚ: ұлттық және жаһандық мәселелері, таяу болашағы» атты дөңгелек үстөл Журналистика факультеті телевизиялық және радиожурналистика кафедрасы 2011 жыл 25 ақпанда М. Барманқұлов оқулары аясында «Ақпараттық қоғам жағдайындағы электронды БАҚ: ұлттық және жаһандық мәселелері, таяу болашағы» атты дөңгелек үстөл өтеді. Қазақстанда ақпараттық қоғам негіздерін қалыптастыру, электронды медианың ұлттық және жаһандық ақпараттық кеңістіктегі орнын айқындау, ақпараттық теңсіздікпен күрес, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялардың дамуын бақылау, демократиялық процестердің тұрақты дамуына ықпал жасау ұлттық деңгейде қарастырылатын басым бағыттағы мәселелерді талқылау дөңгелек үстөл тақырыбының өзектілігін айқындайды.
   Дөңгелек үстөл барысында келесідей мәселелер талқыланады:
1. Ақпараттық қоғам жағдайында электронды БАҚ-тың дамуы;
2. Ақпараттық қоғамдағы жаңа БКҚ дамуы;
3. Қазақстандағы телекоммуникациялық индустрияның дамуы: мобильдік телефония, Интернет-пайдалану, коммуникациялық желілер және қызметтер;
4. Қазақстанның 2015 жылға сандық хабар тарату форматына көшуі;
5. Қазақстандағы Интернет-басылымдардың дамуы;
6. Дәстүрлі және жаңа медиа: жаһандану үдерісіндегі өзара әрекеттесу жолдары;
7. Сандық дәуірдегі элеткрондық журналист мамандарын даярлаудағы жаңа үндеулер мен жаңа талаптар;
8. Электронды БАҚ-тың қоғамның рухани-мәдени өміріне ықпалы;
9. ҚР ақпараттық қоғамның дамуы: проблемасы және таяу болашағы
10. Әлемдегі ақпараттық қоғамның дамуы: қоғамдық дамудың жаңа кезеңдері.
   Дәстүрлі М. Барманқұлов оқулары аясында өтетін «Ақпараттық қоғам жағдайындағы электронды БАҚ: ұлттық және жаһандық мәселелері, таяу болашағы» атты дөңгелек үстөлге бұқаралық коммуникация саласын зерттеуші ғалымдар, қазақстандық электронды БАҚ өкілдері қатысады. Ғылыми жиында аталған мәселелердің аясында, ұсынылған кепілдемелер жинақ түрінде тегін жарық көреді. ЖАРИЯЛАНЫМ: Жарияланымның негізгі шарты – дөңгелек үстелде баяндама жасау. Дөңгелек үстел жұмысының басталуына орай, ұйымдастыру комитеті бағдарлама және дөңгелек үстелде жасалынған баяндамалар жинағын басып шығаруды жоспарлауда. Мәтіндердің мазмұны дөңгелек үстел тақырыбына сай болуы шарт. Баяндамалар электронды түрде және бір данасы талапқа сай қағазды нұсқада толтырылып ұсынылуы тиіс. Баяндама (мақала) 5 бет көлемінде А 4 форматында және электронды нұсқада e-mail sultanbaeva@gmail.com поштаға 2011 жылдың 14 ақпанына дейін жіберіледі. Мақала баспадан шығу үшін төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс: 1.Баяндама (мақала) мәтіні 5 бет көлемінде және тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылған болуы тиіс. Кесте, схемалардың, суреттердің өз атауы болуы және Windows аясында терілуі тиіс. 2. Парақтың параметрлері: жоғарғы жағы-2 см, төменгі жағы -2см, сол жағы-2см, оң жағы 2 см. 3.Шрифт: Times New Roman, Kz Times New Roman, кегль-14. 4. 1 - Аралық интервалмен. Жаңа жол: 1,25 см. 5. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан баяндама (мақала) материалдары беріледі. 6. Әдебиеттер тізімі мәтін соңында және тізім тәртібіне сәйкес жазылады. Мәтінде әдебиеттер тізімі «квадратты» жақшада әдебиеттер тізіміндегі еңбек нөміріне сәйкес нөмір қойылады. Сілтемені қолданғанда қайнар көздің бетін көрсету керек. Мысалы: [ 1, 256 б]. Материалдар жинағының редакциялық алқасы мақала мәтінінің редакциясы үшін жауап бермейді және баяндамаларды таңдап алу құқығын өзіне қалдырады. Автор және тақырып жайындағы мәліметтерді келесі нұсқа бойынша жасуыңызды өтінеміз
Фамилия А.Ә. ЖОО (қысқартылған атауы), ғылыми дәрежесі, қызметі қала, ел Мақаланың тақырыбы

ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ Конференция жұмысына қатысу үшін өтініштерді қабылдау 2011 жылдың 14 ақпанына дейін. Өтініштер талаптарға сай тіркеу формасында және баяндамалар түрінде беріледі. ТІРКЕУ ФОРМАСЫ 1.Тегі, аты-жөні (толығымен)____________________________________ 2.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы__________________ 3.Мекемесі, лауазымы____________________________ 4.Мекен-жайы__________________________________ 5.Телефон (халықаралық байланыс кодымен, ұялы телефон)______________________________________ 6.E-mail_______________________________________ 7. Мақала тақырыбы____________________________ Менің мақсатым: Дөңгелек үстелде баяндама жасау 
Дөңгелек үстелге тыңдарман ретінде қатынасу  ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ Қазақстан Республикасы, Алматы қ, әл-Фараби, 71 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Телевизиялық және радиожурналистика кафедрасы меңгерушісі Гүлмира Сұлтанбаева Телефон: (8-7273) 77 33 34 қосымша 1346
Категория: СМИ, информационное общество, коммуникации | Просмотров: 1440 | Добавил: Kняжна | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
2  
Да вы талантливы

1  
Filnaly! This is just what I was looking for.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Copyright MyCorp © 2017