Форма входа

Поиск

Календарь

«  Июнь 2011  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Наш опрос

Какие проблемы в области информационная безопасность является на Ваш взгляд приоритетными для РК?
Всего ответов: 56

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0




Четверг, 21.09.2017, 18:40
Вы вошли как Гость | Группа "Гости" | RSS
   
Сайт казахстанской школы
социально-ответственной журналистики
Главная | Мой профиль | Выход
Главная » 2011 » Июнь » 14 » Астанадағы Ұлттық конференция: Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен және осал балалар мен жастарды қолдау
19:20
Астанадағы Ұлттық конференция: Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен және осал балалар мен жастарды қолдау
БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ 13 маусым 2011 ж.
Астанадағы Ұлттық конференция: Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен және осал балалар мен жастарды қолдау
    Қазақстанда балалар мен жастардың әл-ауқатын жақсарту саласында қызмет көрсететін екі ірі ұйым - ЮНИСЕФ және «БОТА» Қоры бірлесе отырып, 2011 жылдың 13-14 маусымында Астана қаласында коммерциялық емес ұйым (КЕҰ), министрлік өкілдері мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Әлеуметтік жағдайы төмен және халықтың осал топтарындағы балалар мен жастарға әлеуметтік көмек көрсетудің тұрақты стратегиялары» атты Ұлттық конференция өткізеді. Конференцияның басты мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен және осал топтағы балалар мен жастарға әлеуметтік қызметтерді тұрақты көрсетуге көмектесетін әріптестік стратегиялар үшін ұсыныстарды талқылау және келісу. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген КЕҰ-ы қатысқан сәуір-мамыр айларында өткен кеңес беру кездесулері барысында айтылған ұсыныстарға негізделген стратегиялар КЕҰ өкілдерімен Білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және ішкі істер министрліктерінің өкілдеріне таныстырылатын болады.
   ЮНИСЕФтің балалықты қорғау бойынша Франция және Ұлыбританиялық сарапшылары балалықты қорғау саласындағы үздік әдістер бойынша тұсаукесер көрсетіп, «БОТА» ҚҚ және ЮНИСЕФтің қолдауымен КЕҰ сарапшылары дайындаған ұсыныстарды толықтырады. Балалардың құқын қорғау бойынша Комитеттің мәліметтері бойынша 2010 жылы әлеуметтік жағдайы төмен 130 654 отбасыларда тәрбиеленіп жатқан шамамен 320 000 бала тіркелді. Аталмыш дерекнама бойынша Қазақстанда жетім және ата-ананың қамқорынсыз 42 494 бала бар, 1 313 баланың 923 ата-анасы ата-аналық құқығынан айрылған. Шамамен 18 400 бала кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ісі бойынша милиция бөлімінде есепте тұрса, 7,600-ге жуық бала кәмелеттік жасқа толмағандарды сауықтыру бойынша орталықтарға орналастырылды, ал 148,000 баланың денсаулық жағдайына байланысты ерекше қажеттіліктері бар деп есептелінеді. Жалпы алғанда жоғарыда көрсетілген себептерге байланысты шамамен жарты миллион қазақстандық балалар қиын өмірлік жағдайда өмір сүруде.
   Осы балалар мен олардың отбасылары сапалы білім алу, медициналық қызмет пен үй жағдайында күтім көрсету әрі өзге әлеуметтік маңызы бар қызметтерге қолжеткізу барысында кедергілерге жиі тап болып жатады. Қазақстанда КЕҰ-ның көбі осындай балалар мен жастар үшін әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Коммерциялық емес қызмет жабдықтаушыларының тұрақтылығын көтерудің басты шарты - КЕҰ, орталық және жергілікті билік органдары, БАҚ мен жергілікті қауымдастықтар арасында нағыз әріптестік қарым-қатынасты дамыту және жүзеге асыру. КЕҰ-дар нақты жағдайлар бойынша жергілікті билік құрылымдарына қолдаудың әр түрлі түрлерін жиі ұсынып, оқытады және кеңес береді. Ең сәтті және тұрақты қызмет ететін КЕҰ өкілдері Парламент және Қазақстан Республикасы Үкіметімен жұмыс істейтін әр түрлі кеңес пен сарапшылар тобының мүшелері, сондай-ақ, жергілікті деңгейлерде әлеуметтік қызметтер бойынша білікті сарапшылар болып табылады. 13–14 маусымдағы конференция барысында қабылданған ұсыныстарды ЮНИСЕФ маусым айының соңында ұйымдастыратын балалықты қорғау бойынша министрлік кездесуінде Қазақстан Үкіметіне ресми түрде ұсынатын болады.
Толық ақпарат алу үшін келесі тұлғаларға хабарласа аласыздар: Сұлтанбек Құдайбергенов, ЮНИСЕФтің байланыс бойынша маманы, +7 (7172) 322969 (вн.112), e-mail: skhudaibergenov@unicef.org Роман Райфельд, «БОТА» ҚҚ-ның Байланыс департаментінің директоры, телефон в Алматы: +7 (727) 264 12 69 (70), вн. 113, e-mail: rraifeld@bota.kz
Категория: События в Казахстане | Просмотров: 1027 | Добавил: Kняжна | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Copyright MyCorp © 2017