Форма входа

Поиск

Календарь

«  Июнь 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Наш опрос

Какие проблемы в области информационная безопасность является на Ваш взгляд приоритетными для РК?
Всего ответов: 56

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0




Суббота, 19.08.2017, 14:18
Вы вошли как Гость | Группа "Гости" | RSS
   
Сайт казахстанской школы
социально-ответственной журналистики
Главная | Мой профиль | Выход
Главная » 2012 » Июнь » 12 » «Бөгде балалар жоқ». БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ.
07:40
«Бөгде балалар жоқ». БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ.
Білім және ғылым Министрлігінің мәліметтері бойынша елімізде 150 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі балалар өмір сүруде. Алматы қаласындағы барлық балалар саны – 363889, ал солардың ішінде мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмағандар саны - 2974 құрап отыр. Қалалық прокуратура тарапынан жүргізілген талдау бойынша, өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы мүмкіндігі шектеулі балалар саны 268-ге өскен, соның ішінде:
- Ақыл- ойы артта қалған
- 27,5%; - Жүйке жүйесінің бұзылуы
- 11,5%, соның ішінде 16,8% балалар - церебральді сал ауруымен сырқаттанады;
- Құлақ ауруы және емізік өсіндісі - 7,6%;
- Қатерлі ісіктің пайда болуы - 15,8%.
 
Жоғарыдағы көрсеткіштер өкілетті органдар мен ұйымдардың жұмыс жасап жатқан нақты топтарындағы балалардың санын көрсететінін айта кеткен жөн. Ал анығына келсек, мүмкіндігі шектеулі балалар саны әлдеқайда көп. Аталмыш қорытынды прокуратура органдарының тексерістерінің нәтижелеріне сүйеніп отыр. Дегенмен жүргізілген талдау нәтижелеріне сүйенсек, білім және денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау саласында мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары бұзылып отыр. Заңның бұзылуынан бұндай балалалар басқа азаматтармен бірге қоғамдық өмірге теңдей қатыса алмайды, нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға тиесілі заңның қолжетімді түрде жүзеге асырылмауы оларға қолайсыздық тудыруда. Осыған орай Алматы қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қамтамасыз ету саласында заңның орындалуын құқықтық бағалау мақсатында мүгедек-балаларды қорғауға және қолдауға бағытталған заңды қолдану сұрақтары жөнінде жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мекемелерінің және ұйымдардың іс-әрекеттерін тексеру ұйымдастырылды.
Мүгедек-балалардың беймәлім құқықтарын анықтау мақсатында Алматы қаласының прокуратурасы Қазақстандағы «Дағдарыстық орталықтарының Одағымен» біріге отырып, 2012 жылдың 30-шы мамыр мен 30-шы маусым аралығында «Бөгде балалар жоқ» акциясын ұйымдастырмақ. Аталмыш іс-шара аясында 150 нөміріне Алматы қаласы бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың заңды мүдделері мен қызығушылықтары қорғалмаған сұрақтары бойынша қоңыраулар қабылданбақ. Акцияның қорытындысына сүйене отырып, сондай-ақ мүгедек-балалардың құқықтары бұзылған барлық фактілер бойынша прокуратура бақылауынан кейін барлық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен сәйкестендірілген Брифинг ұйымдастырылады.
Анықтама телефоны: ж.т.:+7 727 265 04 34, ұ.т.: +7 701 748 78 93 Алматы қаласы прокурорының көмекшісі Джанбекова Гүлнәр
Категория: События в Казахстане | Просмотров: 425 | Добавил: Админ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Copyright MyCorp © 2017