Форма входа

Поиск

Календарь

«  Апрель 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Наш опрос

Какие проблемы в области информационная безопасность является на Ваш взгляд приоритетными для РК?
Всего ответов: 56

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0




Среда, 28.06.2017, 05:08
Вы вошли как Гость | Группа "Гости" | RSS
   
Сайт казахстанской школы
социально-ответственной журналистики
Главная | Мой профиль | Выход
Главная » 2013 » Апрель » 30 » БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
16:55
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
ҚР Мемлекеттік орталық музейі
Алматы қаласы, Самал -1,  44 үй
www. csmrk. kz E-mail: csmrk.1986@mail.ru


2013 жылдың 03 мамыры сағ. 11.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің түлектері ассоциациясымен бірлесіп Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 68 жыл толуы қарсаңында, Брест қамалын қорғаушы қазақстандық жауынгерлерге арналған баспасөз-мәслихатын өткізеді.   
Белорусиядағы Брест қаласындағы Брест қамалында әскери борышын өтеп жүрген  мыңдаған қазақстандық жауынгерлер 1941 жылдың 22 маусымы күні баса көктеп кірген неміс-фашисттеріне қарсы тұрды. Кеңес кезінде Брест қамалын қорғаушы қазақстандық-жауынгерлер саны ресми түрде отызға жуық болған. Бірақ, 2012 жылдың маусым айында жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша Брест қамалын қорғаған қазақстандық-жауынгерлер саны 472 болғандығы анықталып, олардың аты-жөндері жарияланды. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры Л.С.Ахметованың мәліметтері бойынша 125-ші атқыштар полкінде 117 қазақстандық болған. Олардың арасында Алматы облысының тумасы Ахметовтың да болғандығын оның туысы Алматы облысы, Есік қаласындағы орта мектептің мұғалімі Қайырғали Ахметов ресми түрде растаған.   
Брест қамалын қорғаушы қазақстандық-жауынгер Көпесбай Иманқұлов 1963 жылы 125-ші атқыштар полкі шайқасқан жерге «Брест қамалы-қаһарман» музейінің қызметкерлерімен бірлесіп қазба жұмыстарын жүргізді. Көптеген ізденістерден кейін казарма іргетасының маңынан винтовка, атылған гильза, оқ, газқағар және оқ сауыттар табылды. Дәл сол жердегі кірпіштен соғылған қабырғадан Көпесбай қазақстандық-жауынгерлердің қалдырған жазуларын көрді. Кірпіштердің бірінде «Умираю Ахм» деген сөз жазылған.
Тарихи құндылыққа жататын: кірпіш, винтовка, газқағар, сол кездегі құжаттар және т.б. сирек кездесетін бағалы экспонаттар мемлекеттік есепке алынып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейдің «Қазақстан Ұлы Отан Соғысы кезінде» деп аталатын экспозициясына қойылған.
Баспасөз-мәслихатында ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Нұрсан Әлімбай; Мәулен Ахметовтың туысы Қайырғали Ахметов; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры және Брест қамалын қорғаушы қазақстандық-жауынгерлер туралы ізденуші Ләйлә Ахметовалар сөз сөйлейді.
Баспасөз-мәслихатының өткізілетін орны: музейдің 3 экспозиция залы 

 Анықтама телефондары:
ҚР Мемлекеттік орталық музейі: 264-46-50, 264-55-66, 264-55-77
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың түлектер ассоциациясы: профессор Л.Ахметова, 2676055, 87017440475

 

Категория: События в Казахстане | Просмотров: 2191 | Добавил: Админ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Copyright MyCorp © 2017