Форма входа

Поиск

Календарь

«  Декабрь 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Наш опрос

Какие проблемы в области информационная безопасность является на Ваш взгляд приоритетными для РК?
Всего ответов: 56

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0




Четверг, 19.10.2017, 13:47
Вы вошли как Гость | Группа "Гости" | RSS
   
Сайт казахстанской школы
социально-ответственной журналистики
Главная | Мой профиль | Выход
Главная » 2012 » Декабрь » 8 » Еңбек нарығы және жұмыспен қамту
22:56
Еңбек нарығы және жұмыспен қамту
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іске асырылу барысы туралы


Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыруға бағытталған Жұмыспен қамту 2020 (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірленіп, 2011 жылғы 1 шілдеден бастап іске асырылады.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 91,2 мың адам Бағдарламаға қатысу мәселесі бойынша әлеуметтік келісімшартқа қол қойды. Әлеуметтік келісімшартқа қол қойған Бағдарлама қатысушыларының қатарынан 62,2 мың адам (68,2 %) жұмыссыз, 22,9 мың адам (25,1 %) өз бетінше жұмыспен айналысады, 5,5 мың адам (6,0%)  табысы аз адамдар және 518  адам (0,6%) жалдамалы қызметкерлер қатарына жатады. Бұл ретте, 29 жасқа дейінгі жастардың саны 59,6%, әйелдердің үлесі 49,2%  адамды құрайды.

Бірінші бағыт бойынша кәсіптік оқытумен 61,0 мың адам қамтылды, оның ішінде 48,1 мың адам кәсіптік даярлаудан өтті, қайта даярлауға 10,9 мың адам жіберілді, біліктілігін арттыруға 2,1 мың адам жіберілді.

Қайта даярлаусыз, бос жұмыс орындары базасында бар бос жұмыс орындарына біліктілігіне сәйкес 13,4 мың адам жұмысқа орналастырылды.

5,9 мың кәсіпорындармен және ұйымдармен келісім бойынша 25,9 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына  жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналастырылған Бағдарлама қатысушыларының айлық орташа жалақысы 45,1 мың теңгені құрады.

7,6 мың жұмыс берушімен жастар практикасын ұйымдастыру бойынша шарт жасалып, оған сәйкес 22,3 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан 5,6 мың  адам өтті.

Ағымдағы жылы Бағдарламаның 4702 қатысушысы микрокредит алды және 3847 адам өз ісін құрды. Микрокредиттің орташа мөлшері 2,0 млн.теңге деңгейінде қалыптасқан.

Үшінші бағыт бойынша республикамыздың 10 өңірінде 189 жеке және көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы (1231 пәтер) жоспарланды. Қазіргі кезде 450 жеке және көппәтерлі тұрғын үйдің (2233 пәтер) құрылысы жүріп жатыр. 366 тұрғын үйге (1244 пәтер)  Бағдарлама қатысушылары және олардың отбасы мүшелері қоныстанды.

Ағымдағы жылдан бастап «Ауылдық елді мекендерді дамыту» деген жаңа төртінші бағытты іске асыру басталады, аталған бағыт әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы халықты жұмыспен қамтуға бағытталған.

565 жобаны  іске асыру қарастырылған. Бүгінгі таңда ауылдық жерлерде   жоба бойынша  7,1 мың жұмыс орны құрылды,  оның ішінде  6,9 мың адам  жұмысқа орналасты, олардың  4,1 мыңы Бағдарлама қатысушысы болып табылады.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2012 жылы 62 342,7 млн. теңге, оның ішінде кәсіптік оқыту мен жұмысқа орналастыруды ұйымдастыруға - 17 813,8 млн. теңге,  кәсіпкерлікті іске асыруға - 14189,2 млн.теңге, тұрғын үйлермен қамтамасыз етуге – 11 006,1 млн. теңге,  ауылдық елді мекендерді дамытуға – 10 000 млн. теңге бөлінді.

Жергілікті атқарушы органдардың 2012 жылғы 1 қазандағы деректері бойынша жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыз азаматтардың саны 56,6 мың адамды құрады.

Ағымжағы жылдың басынан  республикамыз бойынша жұмыспен қамту органдарына еңбек делдалдығына 284 мың адам жүгінді, оның ішінде 156,1 мыңы жұмысқа орналастырылды.

Еңбек нарығындағы шиеленісті төмендету үшін жергілікті атқарушы органдар жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.

2012 жылдың басынан 226,1 мың, оның ішінде ауылдық жерлерде  –  105,9 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл ретте құрылыста – 29,1 мың, сауда саласында – 28,4 мың, өнеркәсіптерде 28,0 мың жұмыс орны, ауыл, орман және балық шаруашылықтарында – 20,4 мың жұмыс орны құрылды. Жалпы құрылған жұмыс орындарының 163 мыңы – тұрақты, 63,1 мыңы –уақытша және маусымдық.

Бағдарламаның шеңберінде өткізілетін іс-шаралар, аумақтарды дамыту өңірлік бағдарламаланың іске асырылуы еңбек нарығының жағдайына оң әсерін тигізді.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің алдын ала деректері  бойынша 2012 жылғы үшінші тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 5,2%-ға азайды (2011 жылғы үшінші тоқсанда 5,3%). Сондай-ақ, жұмыспен қамтылғандардың саны 8 443 мың адамнан 8 540 мың адамға көбейді. Өз бетінше жұмыспен айналысатындардың жұмыспен қамтылған халықтың құрамындағы үлесі 32,8%-дан 31,6%-ға азайды.

Жастар практикасы бағдарламасының іске асырылуы мен әлеуметтік жұмыс орындарын құру жастар арасында жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етті. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 0,7 пайыздық тармаққа азайып, 3,8%-ды құраса, 2011 жылғы тиісті кезеңде бұл көрсеткіш 4,5%-ды құраған.

Жоспарланған іс-шаралар:

-Бағдарламасын толық ауқымды іске асыру және оның механизмдерін жетілдіру;

- Жұмыспен қамту саласындағы «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою», «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» мемлекеттік қызметтерді  азаматтарға электрондық портал арқылы көрсету үшін электрондық форматқа ауыстыру жұмыстарын аяқтау.

Халықтың әл-ауқатын арттыру

Мемлекеттің Конституциясында бекітілген әлеуметтік кепілдіктерді іске асыруда табыс саясаты және халықты әлеуметтік қамсыздандырудың ұйымдастырудың  ерекше мәні бар.

Мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктерді іске асырудың негізі ең төменгі әлеуметтік стандарттар болып табылады.

Еңбекақы төлеу. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 17 439 теңге болып белгіленді, 2011 жылмен салыстырғанда 9 % өсті (2011 жылы – 15 999 теңге).

Экономикалық қызмет түрі бойынша бір қызметкердің орташа номиналдық жалақысы 2012 жылдың қаңтар-тамыз айларында республика бойынша 99 336 теңге құрап, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,5% өсті.

Нақты жалақы индексі 2012 жылдың қаңтарында өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда республика бойынша 11,1%-ды құрады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың мақсатты» Жолдауына сәйкес бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын 2012 жылға қарай 2008 жылмен салыстырғанда  кезең-кезеңімен екі есеге арттыру жоспарланған.

Бұл ретте жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауларын ескере отырып, бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 2009 және 2010 жылдары жыл сайын 25 %-ға, ал 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап  30%-ға арттырылды.

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру

Бүгінгі күні елімізде нарықтық экономика қағидаттарына сәйкес келетін және әлеуметтік қамсыздандыру жауапкершілігін мемлекет, жұмыс беруші мен қызметкер арасында бөлуді көздейтін әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі моделі қызмет етеді.

Ынтымақты зейнетақы жүйесі бойынша

2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері 9 пайызға артты, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 8 720 теңге құрайды. 2012 жылы базалық зейнетақы төлемдерін ескергенде Қазақстан Республикасы зейнетақы төлемдерінің ең төмен мөлшері  26 211 теңге, ең жоғары мөлшері – 56 047 теңге құрады. Мемлекеттік базалық зейнетақыны есепке алғанда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 38 654 теңге құрайды.

2012 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша базалық зейнетақы төлемдерін  алушылардың саны 1 795,8 мың адам, зейнетақы төлемдерін алушылар саны - 1 766,8 мың адамды құрады. Қаңтар-қазан айларында базалық зейнетақы төлемдеріне кеткен шығындар 157,8 млрд. теңгені,  ынтымақты зейнетақы төлемдері 524,7 млрд. теңгені құрайды.

Зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыру бойынша қолданылған шаралар  халықаралық тәжірибеде қолданылатын  жоғалтқан табысты (40%) алмастыру стандартынан асыруға мүмкіндік берді, ол  базалық және ынтымақты зейнетақыны төлеу есебінен 43,0% құрады. 

Жинақтаушы зейнетақы  жүйесі бойынша

Республиканың зейнетақы қызметтері нарығында 11 жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет атқарады. 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау комитетінің деректері бойынша 2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының мөлшері 3,0 трлн. теңге жуық құрады.

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шоттарының саны 8,4 млн. бірлікті құрады.

Таза инвестициялық табыстың сомасы 647,7 млрд. теңгені құрайды.

Инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарнасының  сақталуына мемлекеттік кепілдік көлемі  2012 жылғы 1 қыркүйектегі                     3,1 млрд. теңгені құрады.

Әлеуметтік қамсыздандыру

2012 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша №1 және №2 Тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды (бұдан әрі - МАЖ) алушылар саны 40,5 мың адам болды. 2012 жылы аталған жәрдемақылар мөлшері                     14 562 теңге және 12 944 теңге құрады, тиісінше бұл жәрдемақыны төлеуге шығыс - 5,7 млрд. теңге құрайды.

2012 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының (МӘЖ) мөлшері     7%  артты. 2012 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша МӘЖ-ді алушылар – 653 мың адам, оның ішінде мүгедектігі бойынша – 471 мың адам, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты – 160,1 мың адам, жасына байланысты - 21,9 мың адам.  2012 жылғы 1 қарашада МӘЖ-дің орташа мөлшері: мүгедектігі бойынша – 16 711 теңгені, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты  - 8 909 теңгені, жасына байланысты – 8 720 теңгені құрады.

Әлеуметтік сақтандыру туралы

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілгеннен бастап 2012 жылғы 1 қазанға дейін  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 263,2 млрд. теңге мөлшерде әлеуметтік төлем төленді.

2012 жылғы қазандағы жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 68,5 млрд. теңге сомаға әлеуметтік төлемдер төленді.

2005 жылы міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізумен ресми сектордың жұмысшылары 5 әлеуметтік қатер туындаған кезде қосымша нысанға ие болды.

Нәтижесінде, еңбек ету қабілетінен айрылуы және асыраушысынан айырылу   қатері туындаған  кезде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын  адамдардың әлеуметтік қамсыздандыру  деңгейі  міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын адамдарға қарағанда жоғары.

Жоспарланған іс-шаралар:

«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылы 20 маусымдағы Заңының   5-бабының 3-тармағына  сәйкес Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері жыл сайын арттылады.

Қазіргі кезде 2013-2017 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің базалық болжамының негізінде әзірленген «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы ҚР Парламентінің қарауында. Оның негізінде 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап келесі көрсеткіштер арттырылады:

- зейнетақы төлемдерінің ең төмен мөлшері  (2013 жылда тағайындалатындар үшін) – 19 066 теңге;

- базалық зейнетақы төлемдері – 9 330 теңге         (күн көріс деңгейінен 50 %).

Зейнетақы төлемдерінің мөлшері, оның ішінде толық көлемде емес 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 9 % арттырылады.

Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайына және жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері күн көріс деңгейінің өзгеруіне байланысты арттырылады.

Жер асты және ашық тау-кендерде, аса зиянды және аса ауыр еңбек жағдайымен жұмыс істенгендер үшін  № 1 және № 2 Тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар айлық есеп көрсеткіштің өсуіне байланысты арттырылады.



Ана мен баланы әлеуметтік қолдау

Заңнамаға сәйкес балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақының                   4 түрі төленеді.

2012 жылғы 1 қарадағы жағдай бойынша бала туғанда берілетін жәрдемақы 322,8  мың адамға берілді, бұл 2011 жылдың осы кезеңінен 5,7 % азайды. Бұл ретте жәрдемақыны төлеуге жұмсалған шығындар 17 млрд. теңге құрады.

Көрсетілген кезінде бала күтіміне берілетін жәрдемақымен 147,8 мың адам қамтылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,4 %-ға артық. Бұл орайда жәрдемақыны төлеуге жұмсалған шығын 20,4 млрд. теңгені құрады.

Жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себеті құнына төбен отбасыларға (күн көріс деңгейінен 60%) 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайын жәрдемақы төленеді. Ағымдағы жылдың 10 ай қорытындысы бойынша табысы аз отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақымен 593,5 мың бала қамтылып, 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,3 % азайды, бұл ретте тағайындалған соманың мөлшері 7 млрд. теңгені құрады.

2012 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жалпы сомасы 10,6  млрд. теңге жәрдемақыны 58,6 мың адам алды.

Жоспарланған іс-шаралар:

Қазіргі уақытта «Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар  тағайындау» мемлекеттік қызметті электрондық үкімет порталы арқылы азаматтарға көрсету үшін электрондық форматта көрсету бойынша жұмыс аяқталуда.

Халықтың әлжуаз санаттарын әлеуметтік қолдау

ҚР  Статистика   агенттігінің деректері бойынша 2012 жылғы                                  3 тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі (бұдан әрі - ЕТКД) 17 689 теңге құрап, 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5 %-ға  (16 930 теңгеге) артты.

Табысы ЕТКД төмен халықтың үлесі 2012 жылдың екінші тоқсанында 4,1 %-ды (қалалық жерде – 2,2 %-ды, ауылдық жерде – 6,4 %-ды) құрап, 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,8 пайыздық тармаққа (5,9%) азайды.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы

2012 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 1289,9 мың адам қамтылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,2 % артық.

Бұл ретте, жәрдемақының төлеміне арналған шығын 62,8 млрд. теңгене құрады немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,9% артық.

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)

АӘК 2012 жылғы 1 қарашада табысы кедейлік шегінен төмен 94,4 мың адамға тағайындалды. Тағайындалған сома қазіргі кезеңде 1,6 млрд. теңге құрайды.

АӘК алушылардың ішінде жұмыссыз азаматтар үлесі – 7,6 %, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 0,5 пайыздық көрсеткішке төмендеді.

АӘК алушылардың қатарында басым көпшілігін, яғни 62,3 %-н балалар құрайды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,3 % артық.

Тұрғын үй көмегі

2012 жылдың 3 тоқсанында тұрғын үй көмегі 105,6 мың отбасына тағайындалды, бұл 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,7 % аз. Бұл орайда тағайындалған сома 2,1 млрд. теңгені құрайды. Тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 25,1 % өсті және 2168,9 теңге құрады.

Жоспарланған іс-шаралар:

           -ең төменгі күнкөріс деңгейін айқындау әдіснамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

          - Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында аз қамтылған халықтың еңбекке қабілетті бөлігін экономикалық белсенділікке бейімдеу.

         Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін реформалау жүргізуде, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары кезең-кезеңмен енгізілуде.

Реформаның 1 кезеңі іске асыруға 2009 – 2011 жылдары республикалық бюджеттен жұмсалған қаражаттың көлемі 17,5 млрд. астам теңгені құрады.

Жылдың басындағы жағдай бойынша әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде:

-стационарлық үлгідегі 103 медициналық-әлеуметтік мекемеде,  жартылай стационарлық үлгідегі 37 ұйымда,  үйде әлеуметтік көмек көрсететін 482 бөлімшеде 78 мыңнан астам қарт пен мүгедек, оның ішінде мүгедек бала қамтамасыз етілді.

Анықтама: стационарлық үлгідегі 103 медициналық-әлеуметтік мекемеде 20 мыңнан астам қарт пен мүгедек, оның ішінде мүгедек бала;- жартылай стационарлық үлгідегі 37 ұйымда 7,2 мың адам; қарттар мен мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арналған  үйде әлеуметтік көмек көрсететін 482 бөлімшеде.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа жүйесін енгізу үкіметтік емес секторлардың белсенді қатысуымен де байланысты. Осыған орай, жергілікті атқарушы органдар арнаулы әлеуметтік қызметті үкіметтік емес секторлардан сатып алуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастырды.

2012 жылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша әлеуметтік тапсырыс 52 ҮЕҰ ішінен 16 өңірде 2,0 мың астам  адамды қамти отырып, іске асырылды.

Стандарттарды іске асыруға 2012 жылы республикалық бюджеттен 2,2 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде:

медициналық-әлеуметтік мекемелерге стандарттар енгізуге – 1451,2 млн теңге;

ҮЕҰ арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 457,3 млн. теңге;

күндізгі бөлімшелер жүйесін дамытуға – 300,4 млн. теңге.

2012 жылғы қаңтардан бастап Алматы және Астана қалаларында, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартын енгізу басталды.

Аталған стандартты іске асыру үшін  2012 жылы республикалық бюджеттен, облыстар мен Астана, Алматы қалаларының бюджетінен көлемі 155,6 мың теңгені құрайтын ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылды.

Жоспарланған іс-шаралар:

- арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету институционалдық жүйесін жетілдіру;

- арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің баламалы нысандарын дамыту;

- арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің бәсекелестік нарығын дамыту.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы

«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстанда мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың заңнамалық негізі болып табылады. Аталған Заң бойынша оңалу мүмкіндігіне сәйкес  әрбір мүгедек үшін медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктерінен құралған жеке оңалту бағдарламасы әзірленеді.

2011 жылы 14,3 мыңнан астам мүгедек жеке оңталату бағдарламасына сәйкес  протездік-ортопедиялық,   есту протезі көмегімен, кресло-арбалармен, санаторлық-курорттық емдеумен  сурдотехникалық,  тифлотехникалық бұйымдар ұсынумен  мүмкіндіктері шектеулі 88 мың адам немесе мұқтаж адамдардың жалпы санынан 93% қамтылды.

Анықтама: протездік-ортопедиялық бұйымдармен және протездік-ортопедиялық көмекпен 14,3 мыңнан астам мүгедек қамтылды, 5,2 мыңнан астам кресло-арбалар сатылып алынды, 7,9 мың сурдотехникалық, 7,8 мың тифлотехникалық құралдар ұсынылды, 25,8 мыңнан астам мүгедектер міндетті гигиеналық құралдарды алды. Жеке көмекшінің 8,7 мың мүгедек, 3,3 мың мүгедек ымдау тілі маманының қызметімен қамтылды.

Көлікке, қоғамдық, тұрғын-үй және өндіріс ғимараттарына мүгедекердің кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары енгізілуде.

  Объектілерге түгендеу жүргізу мониторингі  2012 жылғы 1 қаңтарда республика бойынша  мүгедектерге арналған 11,4 мың жол, пандустар мен кресло-арбаларға арналған құрылғылар (32 %) салынғанын, 485 (10 %) жаяу жүргіншілердің жолдары дыбыс және жарық құрылғыларымен жабдықталғанын мүгедектерге қызмет көрсетуге арналған арнайы 879 автобус (6 %), 3,7 мың жолаушы аялдамалары жүріп-тұруы қиын мүгедектер үшін қоғамдық көлікке отырғызуға арналып ыңғайластырылғанын (30%), өңірлерде 132 инва-такси қызмет көрсететіндігін көрсетті. 

Қазіргі кезде мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның факультативтік хаттамасын және БҰҰ конвенциясын ратификациялауға Қазақстанда жағдай жасау жұмыстары енгізілуде.

Жоспарланған іс-шаралар:

Тіршілік ету саласында (қол жетімді орта) мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін бірдей жағдай жасау мақсатында, Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының шеңберінде (бұдан әрі - Жоспар) мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесі реформалау  жалғасуда. Оның ішіне тіршіліктегі барлық салалардағы мүгедектерде бар болған мүмкіндіктерін іске асыруға және одан әрі дамытуға негізгі кедергілерді жоюға бағытталған іс-шаралар кешені кіреді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспары 3 міндетті көздейді: 

Бірінші міндет - нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы мүгедектердің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді біріздендіру жұмыстарын жүргізу. Жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру үшін жұмыс топпен 24 нормативтік құқықтық актіге  толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірледі.

Екінші міндет -  мүгедектердің әлеуметтік көліктің инфрақұрылым қызметтерін паспорттау жүргізу арқылы объектілерге тіршілік ету саласындағы қызметтерге кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету жағдайларын бағалау;

Үшінші міндет - мүгедектердің проблемаларына қоғамның оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы халықтың хабардарлығын аттыру.

 
Категория: События в Казахстане | Просмотров: 525 | Добавил: Kняжна | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Copyright MyCorp © 2017