Форма входа

Поиск

Календарь

«  Ноябрь 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Наш опрос

Какие проблемы в области информационная безопасность является на Ваш взгляд приоритетными для РК?
Всего ответов: 56

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0




Воскресенье, 28.05.2017, 02:12
Вы вошли как Гость | Группа "Гости" | RSS
   
Сайт казахстанской школы
социально-ответственной журналистики
Главная | Мой профиль | Выход
Главная » 2013 » Ноябрь » 6 » «Панфиловшылар: аңызға айналған ерліктің 60 күні»
21:54
«Панфиловшылар: аңызға айналған ерліктің 60 күні»
Құрметті әріптестер!


   Сіздерді 2013 жылғы 12 қарашада сағат 11-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің 230 дәрісханасында болатын «Панфиловшылар: аңызға айналған ерліктің 60 күні» кітабының тұсаукесеріне шақырамын.
    Кітап тарих факультетінің Ғылыми Кеңесінің мәжілісінде талқыланып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ҒӘК тарапынан басуға ұсынылды.
    Таралымы 500 дана кітап Алматы қ. ішкі саясат басқармасының жәрдемімен Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ауқымында әзірленді.
    Тұсаукесерді университеттің Түлектер ассоциациясы, әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы және ЮНЕСКО орталығы өткізеді.

Баспасөз баяны беріліп отыр. 
Қатысатыныз жөнінде 7 қараша күнгі сағ. 18.00-ге дейін мына төмендегі байланыс нүктелеріне хабарлаңыз: Шыңғысова Назгүл Тұрсынбайқызы –8 (272) 377-34-43, nazgul_71@mail.ru, Ахметова Ләйлә Сейсембекқызы – 8-701-744-04-75, laila_akhmetova@mail.ru
Құрметпен,  профессор Л.С. Ахметова
 
 
 
Баспасөз баяны


     2013 жылғы 12 қарашада сағат 11-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің 230 дәрісханасында профессорлар В.К. Григорьев пен Л.С. Ахметованың «Панфиловшылар: аңызға айналған ерліктің 60 күні» кітабының тұсаукесері болады.  Кітапты «Зияткерлік еңбек әйелдері одағы» Қоғамдық бірлестігі Алматы қ. ішкі саясат басқармасының жәрдемімен Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ауқымында басып шығарған.  Авторлары – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері.
     Соңғы кездегі оқиғалар көрсетіп отырғанындай, ақпараттық соғыстар әлемдік саясаттың маңызды элементіне айналуда. Олар көп ретте тарихи құжаттамаларға қатысты. Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің тікелей ұрпақтары болып табылатын авторлар үшін қаһарман бабалар қарсыластарының шабуылдарын өз тарихи алаңында қорғап қалу ар-намыс парызына айналып отыр. Кітапта олар сол бір кезеңнің бүгінгі немерелері мен шөберелеріне қаһарлы 1941-дің қиын-қыстау күндеріндегі біздің жерлестеріміздің іс-қимылы туралы әңгімелейді. 
      В.К. Григорьев пен Л.С. Ахметова Ұлы Отан соғысының ең күрделі кезеңіне байланысты бірқатар оқиғаларды тарихи талдау тұрғысынан алғанда өткен уақыттың белгісіз тұстарын толықтыруға талпыныс жасаған.
     Оқулық-практикалық басылымда И.В. Панфилов атындағы 316 атқыштар-8 гвардиялық дивизияның қиян-кескі ұрыстары мен ерліктері, өмірі мен тұрмысы күн санап көрсетілген. Сондай-ақ Рокоссовскийдің 16 армиясына, панфиловшыларға қарсы тұрған неміс жағының да 60 күн бойғы күнделікті естеліктері мен құжаттары берілген. 
     Кітап студенттерге, жастарға, саясаткерлерге, педагогтарға, ХХ ғасырдың тарихы мен ақиқатына қызығатын жұрттың барлығына арналған.

Байланыс:

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер ассоциациясы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы және ЮНЕСКО орталығы (мекен-жай – Алматы, әл-Фараби даңғылы, 71)
                 Бердімбетова Балауса Аманқызы –8 (717) 377-33-60
                 Шыңғысова Назгүл Тұрсынбайқызы – 377-34-43, nazgul_71@mail.ru
                 Ахметова Ләйлә Сейсембекқызы – 8-701-744-04-75, laila_akhmetova@mail.ru
 
Категория: События в Казахстане | Просмотров: 2860 | Добавил: Админ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Copyright MyCorp © 2017