Форма входа

Поиск

Календарь

«  Февраль 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829

Наш опрос

Какие проблемы в области информационная безопасность является на Ваш взгляд приоритетными для РК?
Всего ответов: 56

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0




Среда, 28.06.2017, 05:09
Вы вошли как Гость | Группа "Гости" | RSS
   
Сайт казахстанской школы
социально-ответственной журналистики
Главная | Мой профиль | Выход
Главная » 2012 » Февраль » 23 » Сорос Қазақстан қоры бірегей кітаптың шығарылуына қаржы бөлді
20:53
Сорос Қазақстан қоры бірегей кітаптың шығарылуына қаржы бөлді
Құрметті дос! Сенің өз құрбыларыңа, жалпы барша жұртқа айтарың бар ма?! Денсаулығыңның жағдайына қарамастан, бақытты да баянды өмір сүрдің бе?! Онда мүмкіндігі шектеулі бойжеткен мен бозбалалар жазған әңгіме және очерктерден құралған кітаптың авторларының бірі бол.
Жобаның ұйымдастырушылық қолдаушысы - «РеНэтро» инновациялық идеялар академиясы, renetro@mail.ru

ПРОСТО ХОДИТЬ СРЕДИ ЛЮДЕЙ…
(мүмкіндігі шектеулі бозбала мен бойжеткендер жазған өмір туралы очерктер мен әңгімелер жинағы)

Басылым мақсаты:
• Ерекше мұқтаж адамдардың өмірі туралы жағымды балама ақпараттық кеңістік құру
• Ауыр өмірлік жағдайға тап болған адамдарды психологиялық және әлеуметтік тұрғылардан қолдау
• Әлем және оқиғаларды жағымды түрде қабылдауды насихаттау
• Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өміріне деген қоғам көзқарасын өзгерту
• Ерекше мұқтаж адамдардың ділін, өзіне және қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгерту

Басылымның қажеттілігі:
Басылымның басты идеясы негізгі екі сұраққа жауап беру – сен неге әрекет етпейсің және саған әрекет етуге кедергі жасайтын не нәрсе?
Мүгедектік салдарымен жекпе-жекке шығып, тығырыққа тіреліп, ақырғы шара ретінде өзіне өзі қол жұмсауға дейін баратын адамдар саны аз емес.
Біздің елімізде мүгедек адамдарға, атап айтқанда мүмкіндігі шектеулі бозбала мен бойжеткендерге психологиялық көмек көрсететін бірде-бір қызмет жұмыс істемейді.
Мұндай қызмет түрлері әлі де болса құрылатын шығар, бірақ бұған уақыт керек. Ал қиыншылыққа дәл қазір тап болған, бүгінгі күні тығырыққа тіреліп, одан шығу жолын, өмірдің мәнін таба алмай жатқан балалар не істеу керек.
Аталған жинақ мүгедектікке байланысты өмір қиындықтары мен қорқыныштарын жеңген, бәріне төзіп, нақты жеке белестер мен сәттілікке қол жеткізген мүмкіндігі шектеулі бозбала мен бойжеткендердің әңгімелерін, өмір шындығын жинауға бағытталған.
Мұндай жинақты басып шығару мүмкіндігі шектеулі көптеген бозбала мен бойжеткендер үшін шынайы көмек бола алады.
Жинақты басып шығару қоғамның назарын әлеуметтік проблема - мүмкіндігі шектеулі жастар өмірінің проблемасына аударады.
Жинақты басып шығарудың арқасында ерекше мұқтаж бозбала мен бойжеткендер басып шығарылған жинақтың беттерінен психолог пен әлеуметтік қызметкердің көмегін ала алады. Консультанттардың рөлін ауруға қарамастан лайықты өмір сүре алған ерекше мұқтаж бозбала мен бойжеткендер – очерктер мен әңгімелердің авторлары атқарады.

Ортақ жағдайлар
• «Просто ходить среди людей…» жинағы денсаулығының жағдайына қарамастан қоғамның толыққанды әрі бақытты мүшесі бола алған мүмкіндігі шектеулі бозбала мен бойжеткендердің өмір туралы жазған әңгіме мен очерктерін бір жинақта басып шығару үшін жарық көреді
• Басылымды шығаруға қаржылық қолдау көрсететін Сорос Қазақстан қоры
• Жинақты шығаруға ұйымдастырушылық қолдау көрсететін «РеНэтро» инновациялық идеялар академиясы
• Басылымның консультациялық қолдаушысы – «Эльдани» қайырымдылық қоры
• Қазақстан Республикасы аумағында тұратын, І, ІІ, ІІІ топ мүгедектігінің барлық категориясындағы 18 жастан 30 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі бозбала мен бойжеткендер автор бола алады

Шығармашылық материалдар түрлері
• әңгіме
• очерк
• эссе
• сұхбат

Жинақты шығару кезеңдері
• Байқауға қатысуы ықтимал авторларды ақпараттандыру
• Авторлардан материалдарды қабылдау
• Жинақты басып шығару
• Жинақтың тұсаукесер рәсімі
• 2012 жылдың 01 мамырына дейін авторлар ұйымдастырушы комитетке электронды түрде материалдар мен жеке фото суреттерін ұсынады

Материалдарды авторлардың өзі немесе олардың өкілдері
• Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Сеченов көшесі, 28 мекен-жайы бойынша, тел./факс +7(727) 246-29-83, 7(727) 246-30-25, 7(727) 395-66-30, 8-(727)-327-52-63, 8-707-82-25-837, 8-775-59-58-939, 8-777-811-41-22
• renetro@mail.ru электронды мекенжайына жіберу керек

Қаржылық шарттар
• Ұйымдастырушы комитет жинаққа кіретін материалдарды жазуға байланысты шығындар және байқауға қатысушыларды марапаттау рәсіміне қатысу үшін кететін шығындарды өтемейді
• Жинақ ақылы түрде таратылады. Жинақты сатудан түскен табыстың бәрі мүмкіндіктері шектеулі жастар алдында тұрған проблемаларды шешуге және жинақ авторларының қаламақыларын өтеуге жұмсалады
• Жинаққа енген әрбір автор тегін түрде жинақтың 3 данасын алады
• Мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, мекемелер, шығармашылық одақтар мен жеке тұлғалар өз бастамасымен жинақты басып шығарудың демеушісі бола алады.
Қаржы қаражатты келесі реквизиттер бойынша аударуға болады
«Эльдани» қайырымдылық қоры ҚҚ
СТН 600400067199
ЖСК KZ838851090070021000 АО ДБ KZI BANK
Код 885 Бек 18 ТМК 119
БСК KZIBKZKA
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
«Просто ходить среди людей...» жинағын басып шығаруға» белгісімен

Демеушілер үшін келесі позициялар қарастырылған
• бас демеуші
• негізгі демеуші
• бас ақпараттық серіктес
• негізгі ақпараттық серіктес
• ақпараттық серіктес
• серіктес
• үздік шығармашылық материал үшін арнайы сыйақының құрылтайшысы
Категория: События в Казахстане | Просмотров: 394 | Добавил: Админ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Copyright MyCorp © 2017