Форма входа

Поиск

Календарь

«  Февраль 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829

Наш опрос

Какие проблемы в области информационная безопасность является на Ваш взгляд приоритетными для РК?
Всего ответов: 56

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0




Вторник, 25.07.2017, 15:53
Вы вошли как Гость | Группа "Гости" | RSS
   
Сайт казахстанской школы
социально-ответственной журналистики
Главная | Мой профиль | Выход
Главная » 2012 » Февраль » 14 » «Үздік әлеуметтік жауапкершілікті фермер - 2011»
21:56
«Үздік әлеуметтік жауапкершілікті фермер - 2011»
    2012 жылдың 10 ақпанында "Филип Моррис Қазахстан" (ФМҚ) ЖШС бірнеше жыл барысында ауылдық жерлердегі өмірді жақсартып, күрделі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған әлеуметтік жобаларды белсенді түрде іске асырып жүрген «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті бірлестіктерінің қоры» (ЖБҚ) Қоғамдық Ұйымымен бірлесе отырып «Үздік әлеуметтік жауапкершілікті фермер - 2011» байқауын қорытындылады және Еңбекшіқазақ ауданының Шілік кентінде жеңімпаздарды марапаттау рәсімін өткізді.
    Марапаттау рәсіміне ФМҚ Корпоративті байланыстар бойынша бөлімінің директоры Белоусов Дмитрий Юрьевич, ФМҚ өндіріс бойынша директоры Стеван Мирич, ЖБҚ атқарушы директоры Елшібаева Бақытгүл Казибаевна, және де жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. ФМҚ қазақстандық фермерлерінен темекі сатып алуға 1993 жылдан – тұңғыш инвесторлардың бірі болып, Қазақстанға келгелі бері келісім–шарт жасауда. Өзінің Қазақстандағы іс–әрекеті барысында ФМҚ темекі шаруашылығы саласын белсенді түрде қолдап, дамытып келеді. ФМҚ жоғары сапалы темекі өсіруде үздік агрономиялық тәжірибелер мен әлемдік стандарттарды есепке ала отырып, темекі өсіруші фермерлерге жәрдем ету бойынша кешенді жұмыстарды атқаруда. Оған қоса ФМҚ бала еңбегін пайдалану және де еңбек қарым–қатынастары саласындағы кез–келген басқа да заңбұзушылықтарға қатаң қарсы шығады. Үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен, мемлекеттік органдармен тығыз қарым–қатынас жасай отырып, ФМҚ темекі шаруашылығындағы еңбек қарым–қатынастарына, барлық фермерлік шаруашылықтарда еңбек үшін әділ ақы төлеуді қамтамасыз етуге, қауіпсіз еңбек ортасын жасауға, балалар еңбегін болдырмау және заңды қатаң сақтауға жіті көңіл бөлуде.
    ФМҚ темекі фабрикасы үшін шикізат жеткізетін фермерлер–темекі өсіруші шаруалары арасындағы «Үздік әлеуметтік жауапкершілікті фермер» байқауы екінші рет өткізілуде. Оның мақсаты – жоғары сапалы темекіні өсіруде жоғары нәтижелерге жетіп қана қоймай, өткен маусымда ҚР Еңбек Кодексінің талаптарын мінсіз орындаған, бала еңбегін пайдалануға жол бермеген, өздерінің жалданған жұмысшыларының жұмысы мен өмір сүруіне лайықты жағдай жасаған фермерлерге сый көрсету. 2011 жылы ФМҚ барлығы екі жүзге жуық фермерлік шаруашылықтар қызмет көрсетті, олардың басым бөлігі темекі өсірумен 15 жылдан аса айналысып келеді. Жыл бойы ФМҚ қызметкерлері фермерлік шаруашылықтарға барып, жалдамалы жұмысшылармен келісім–шарттар жасалатыны, олардың өмір сүру жағдайлары, бала еңбегін пайдалануға қатысты заңбұзушылықтар орын алуы жайларын бақылап отырды. Компания қызметкерлері фермерлердің әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын сақтауына қатысты барлық бақыланған деректерді тіркеп келді. Байқау жеңімпаздарын анықтауда бес міндетті шарт есепке алынды:
  - ҚР заңнамасына сай жалдамалы жұмысшыларға еңбек ақының мерзіммен төленуі;
  – жалдамалы жұмысшылармен дұрыс рәсімделген келісім–шарттардың болуы; 
  – фермерлердің жалдамалы жұмысшыларға еңбек ету және өмір сүруге лайықты жағдай жасау тәртіптерін сақтауы;
  – бала еңбегін пайдалануға жол бермеу;
   - фермерлерге қоршаған ортаны қорғауға және өндірілген өнімнің жоғары сапасына қамқорлық жасауға көмектесетін Еуроодақта ресми қабылданған ауылшаруашылық өндірісін жүргізу стандарттарын – Адал ниетті Ауылшаруашылық Тәжірибесі талаптарын орындау.
   Байқау нәтижесінде 21 фермерлік шаруашылық марапатталды. Бірінші орынды иемдеген фермерге тоңазытқыш тарту етілді, екінші орынды бөліскен үш шаруашылық қожалары сыйға теледидар алды, құрметті үшінші орынға ие болған төрт фермерлерге кір жуу мәшинелері сыйға берілді, ал жеңімпаздар қатарынан көрінбеген, бірақ жыл бойы әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын адал орындаған он бір шаруашылықтарға ынталандыру сыйлары – мобильді телефондар мен туристік шатырлар тартылды. Бұдан бөлек, ФМҚ өкілдері екі фермерлік шаруашылықты ерекше атап көрсетті. «Филипп Моррис Қазақстан» ЖШС–да біз Президенттің Қазақстан халқына 2012 жылғы Жолдауының алғашқы тармақтарының бірінде ел аймақтарын, соның ішінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға назар аудару қажеттігі аталғанын қуана қабыл алдық. Біздің байқау ең нәтижелі және адал ниетті фермерлерді ынталандыруға бағытталған, олардың еңбегі жалпы мемлекет пен жеке алғанда біздің компания алдындағы міндеттерді сәтті орындаудың кепілі болып табылады. Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік бойынша жобаларды іске асыруда біз, әсіресе, ауыл шаруашылығындағы мықты әрі сауатты мамандарды дамытуға ерекше көңіл бөлеміз. ФМҚ Қазақстан Республикасындағы іс–әрекеті жылдары барысында біз тек темекі шаруашылығы саласындағы ғана емес, сонымен бірге жалпы аграрлы сектордағы толғандыратын мәселелерді жете таныдық. Алматы облысы мен Еңбекшіқазақ ауданы әкімдіктерімен бірлесе отырып біз көпжылдық бағдарламаны іске асырудамыз, оның аясында 2011 жылы Малыбай кентінде көпфункционалды Қоғамдық орталық ашылды, ал осы жылы біз Фермерлердің кәсіби дамуы орталығын ашуға дайындық жұмыстарын бастаудамыз. Ауылдағы еңбек өнімділігін арттыру, заманауи аграрлы әдістерді ендіру, кәсіпкерлік сауаттылықты көтеру – мемлекеттің басты міндеттері, және біз бұлардың орындалуына өз үлесімізді қосып жатқанымызды мақтан тұтамыз» – деп атап өтті «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС Корпоративті байланыстар бойынша бөлімінің директоры Белоусов Дмитрий Юрьевич «Біздің фермерлер бизнесті сауатты жүргізу және заманауи ауыл шаруашылық тәжірибелерді қолданудың маңыздылығын ғана емес, сонымен бірге заңдарды, дұрыс еңбек қатынастарын сақтау қажеттілігін де түсініп, әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын белсенді түрде меңгеріп, қолданысқа енгізуде.
    Ауылдағы әлеуметтік жауапкершілік ұдайы артуда, адамдар «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС секілді әлеуметтік жауапкершілігі жоғары компаниялар бөлісетін білімдер мен тәжірибесін жоғары бағалайды, әрі өздері жауапкершілігі жоғары жұмыс беруші болып келеді. Бұл біздің еліміздегі ауыл аймақтардың кейінгі дамуына деген сенімімізді нығайтады», - деді ЖБҚ атқарушы директоры Елшібаева Бақытгүл Казибаевна. «Біз «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-мен 12 жылдан астам уақыттан бері жұмыс жасап келеміз. Бұл өте сенімді компания, біз әрдайым өз өнімімізді сата алатынымызды білеміз, әр гектардан алатын табысымызды есептей аламыз, яғни, жалдайтын жұмысшымызға маусым соңында қанша ақша алатынын айтуға мүмкіндігіміз бар. Менің шаруашылығыма еңбек мигранттары 5 жылдан бері келуде, өйткені олар біздегі адал еңбек қатынастарын біледі, біз міндетті түрде келісім-шартқа отырамыз, айлық төлейміз, оларға өз мұқтажына қажетті көкөністерді өсіру үшін жер бөлеміз. Біздегі өмір сүру жағдайлары жақсы, тіпті «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС жаз кезінде біздің балаларды демалыс орындарына жіберіп тұрады. «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-не фермерлерге дұрыс ақыл-кеңес беріп, заңдарды түсінуге үйретіп, осындай тамаша сыйлықтар тарту еткені үшін алғысымызды айтамыз. Келесі жылы бұдан артық еңбек етеміз – қайтадан жеңіске жеткіміз келеді!» - деп өз ойымен бөлісті «Үздік әлеуметтік жауапкершілікті фермер» байқауының жеңімпазы Фармен Заиров, «Турахан» шаруа қожалығы.
Категория: События в Казахстане | Просмотров: 399 | Добавил: Kняжна | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1  
hi

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Copyright MyCorp © 2017