Форма входа

Поиск

Календарь

«  Февраль 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829

Наш опрос

Какие проблемы в области информационная безопасность является на Ваш взгляд приоритетными для РК?
Всего ответов: 56

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0




Вторник, 21.11.2017, 13:12
Вы вошли как Гость | Группа "Гости" | RSS
   
Сайт казахстанской школы
социально-ответственной журналистики
Главная | Мой профиль | Выход
Главная » 2012 » Февраль » 2 » «Өзіңнен баста»
13:31
«Өзіңнен баста»
   Алматы қаласының Прокуратурасы Қазақстандағы «Дағдарыстық орталықтарының Одағы» ЗТБ-мен, «Аман-саулық» ҚҚ-мен бірлесе отырып, 2012 жылдың 1-ші ақпан және 29-шы ақпан аралығында «Өзіңнен баста» акциясын бастайды. Сот шешімімен бекітілген алименттен бас тартып, сондай-ақ алимиментті төлеу бойынша қарыздары бар мемлекеттік қызметкерлерді білсеңіз, оның олардың аты-жөндері мен қызметтік лауазамын №150 Сенім телефонына хабарлаңыздар. Сенім телефоны күні-түні, сондай-ақ сенбі және жексенбі күндері де істейді. Барлық қоңыраулар тегін, тіркеуге алынатын болады. Балаларды күтуге арналған алименттерді алу жүйесін өзгерту жөнінде ұсыныстарыңызда да қабылданады.
   Акцияның соңында осы аталмыш сұрақты ортада талқылау мақсатында қоғамдық тыңдау өткізіледі.
   Қосымша мәлiметтер үшін + 8 727 3764037, 150, + 7 777 22 55 325, тел. бойынша немесе soyuzkz@rambler.ru  электрондық почтасының мекенжайы бойынша хабарласыңыз.


Баспасөз мәлімдемесі
  2011 жылы №150 «Балалар мен жастарға арналған Ұлттық сенім телефонына» 315488 қоңырау келіп түсті, соның ішінде балалардың құқықт  арының бұзылғандығы жөнінде 4833 қоңырау келіп түссе, оның 1,4 %-і балаларды күтуге тағайындалған алиментті өндіре алмау жағдайына байланысты болды. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды, яғни, 18 жасқа толмаған балаларды қамқорлыққа алып, оларды бағып-қағу міндеттері ҚР Ата Заңының 27-ші бабында ата-аналардың конституциялық міндеттерінің қатарына енетіндігі көрсетілген. Бүгінгі таңда Қазақстанда 5 млн.астам кәмелетке толмағандар өмір сүреді. 2009-2010 жылдар аралығында алиментті өндіріп алу ісі жөнінде 72888 іс қарастырылды, 55734 жағдаяты сот үкімімен шығарылды. Қазіргі кезде елімізде жүз мыңнан аса балалар алимент алмайды, олардың Қазақстан бойынша қарызы бірнеше миллиард теңгені (4853933 теңге) құрап отыр.
   Соның қатарында жұмыс жасайтын әкелердің де бар екені рас. Осы мәселенің өзектілігін зерттеу және жағдаятты болдырмаудың тиімді шешімдерін қарастыру мақсатында 2012 жылдың 1-ші ақпанынан бастап алиментті өз уақтысымен алудағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнінде «Өзіңнен баста» акциясы жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде - балаларды күтуге арналған алименттерді төлеудегі ата-аналардың конституциялық міндеттерін мемлекеттік құрылымда жұмыс жасайтын ата-аналар қаншалықты деңгейде орындап жатқандығы бойынша мониторингі жүргізілмек. Қоғам жұртшылығының пікірлерінше, мемлекеттік қызметте мемлекеттік, сондай-ақ қоғам тарапынан үлкен сенімге ие болған, жоғары адамгершілікті және моральді қағидаларға ие адамдар қызмет ету қажет. «Жаңа ұрпақтың шенеулігі – бұл өзінің ісі мен мамандығына берілген, әділетті және отаншыл, өз ұлтының құлы болу керек» - дейді Елбасы Н.Ә.Назарбаев. 
  2010 жылы ҚР-ның Бас прокуратурасы алименттік мемлекеттік қор құру, заңды күшейту, бюджеттік салада істеуге қақылы емес алиментті қасақана төлемейтіндерге қатысты ақылы арыздың мерзімін қайтару жайлы бірқатар ұсыныстар айтқан болатын, бірақта бүгінгі күнге дейін әлі қолдау табылмады. Жоғарыда айтылған мәліметтерге орай, алғашқы кезеңді мемлекеттік құрылымда, құқық қорғау органдарда қызмет жасайтын қызметкерлер арасында зерттеу жүргізумен бастауды ұсынамыз. Зерттеу нәтижесінде мемлекеттік құрылдарда істейтін алименттерді төлемейтіндер жайлы мәліметтер базасы жасалынып, әрмен қарайғы істі қарастыру мақсатында мемлекеттік қызмет жөніндегі Департаментке берілетін болады. Бұл іс Алматы қаласынан қолдау тауып, еліміздің басқа аймақтарындағы барлық мемлекеттік органдар тарапынан қызықғушылық танытып, өз ведомстваларындағы заңға бағынбайтын мамандарын анықтауға ықпалын тигізетіне сенімдіміз.
Категория: События в Казахстане | Просмотров: 507 | Добавил: Kняжна | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Copyright MyCorp © 2017