Форма входа

Поиск

Календарь

«  Март 2023  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Наш опрос

Какие проблемы в области информационная безопасность является на Ваш взгляд приоритетными для РК?
Всего ответов: 57

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0




Четверг, 23.03.2023, 16:39
Вы вошли как Гость | Группа "Гости" | RSS
   
Сайт казахстанской школы
социально-ответственной журналистики
Главная | Мой профиль | Выход
Ереже


Жеңістің 71 жылдығы және Ұлы Отан Соғысы басталуының 75 жылдығына арналған патриоттық тақырыпта мектеп және орта оқу орындары оқушыларының арасында VII Республикалық шығарма байқауын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

Жалпы ережелер

 

1. Оқушылар арасындағы байқау 2015 ж. 15 желтоқсаннан 2016 ж. 10 наурыз аралығында өтеді.

2. Материалдарды қабылдау мерзімі – 2016 жылдың 10 наурызы, сағ. 18.00 дейін.

3. Байқау нәтижелері 2016 жылдың сәуір айында анықталады.

4. Байқаудың ұйымдастырылуын және өткізілуін «Әріптес» үкіметтік емес ұйымдардың алматылық Конфедерациясы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы мен ЮНЕСКО орталығы жүзеге асырады.

 

Қазылар алқасы

1. Қазылар алқасына танымал журналистер мен әл- Фараби атын. ҚазҰУ журналистика факультетінің оқытушылары, қоғам қайраткерлері кіреді.

2. 2016 ж. сәуір айында қазылар алқасы ең үздік жұмыстарды бекітеді.

 

Негізгі қағидалар

1. Мектеп шығармалары байқау мақсатына жауап беруі тиіс: 1941-1945 жж. тарихы мен қазақстандықтардың өмірі үлгісінде жастарды патриоттық тәрбиелеу.

2. Жұмыстар мектеп шығармаларына қойылатын барлық талаптарға және ұсынылған байқау тақырыбына сәйкес болуы тиіс.

 

Жүлделер

Қазылар алқасы қазақ және орыс тілдеріндегі үздік мектеп шығармаларын анықтайды. Жеңімпаздарға сертификаттар беріледі.

Үздік деп танылған шығармалар әлеуметтік-жауапты журналистиканың қазақстандық мектебі - ЮНЕСКО орталығының сайтына жарияланады, http://unesco-kaznu.ucoz.kz/.

 

Есеп беру

1. Қазылар алқасы байқауға ұсынылған материалдар үшін оқытушылармен, үкіметтік емес ұйымдармен, журналистермен, БАҚ және т.б. хат алыспайды, сын пікір, есеп бермейді.

2. Байқауға ұсынылған материалдар кері қайтарылмайды.

Байқауға ұсынылған материалдарды одан әрі пайдалану құқығы әл-Фараби атын. ҚазҰУ ЮНЕСКО орталығына тиесілі.

 

Оқушылар шығармаларына қойылатын талаптар

 

1. Шығармалар теріліп, профессор Ахметова Ләйлә Сейсембековнаның электронды поштасына laila_akhmetova@mail.ru - жіберілуі керек.

2. Тек Қазақстанның мектеп және орта оқу орындары оқушыларының шығармалары қабылданады.

3. Шығармалар 3 беттен артық болмауы керек, 14 шрифт, Times New Roman.

4. Шығарма келесідей үлгіде ресімделуі қажет:

 

 

Байғабұлова Нұрай

10 сынып, № 26 гимназия,

Қарағанды обл., Жезқазған қ.

Жетекшісі: Чиркина Валентина Ивановна

e-mail: _________


Copyright MyCorp © 2023