Форма входа

Поиск

Календарь

«  Декабрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Наш опрос

Какие проблемы в области информационная безопасность является на Ваш взгляд приоритетными для РК?
Всего ответов: 56

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0




Пятница, 15.12.2017, 09:12
Вы вошли как Гость | Группа "Гости" | RSS
   
Сайт казахстанской школы
социально-ответственной журналистики
Главная | Мой профиль | Выход
Ереже


Ереже

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған жалпы білім беретін мектептер мен орта білім беру орындарының оқушылары арасында өтетін VIII республикалық патриоттық тақырыптарға жазылған шығармалар байқауының өткізілуі жөнінде

Жалпы ережелер

1. VIII республикалық шығармалар байқауына мектеп оқушыларының жұмыстары 2016 жылдың 1 наурызынан 10 қазан аралығында қабылданады.

2. Материалдарды қабылдау мерзімі – 2016 ж. 10 қазан, 18.00 дейін.

3. Байқау нәтижелері 2016 жылдың қараша-желтоқсан айларында шығарылады.

4. Байқауды Алматы үкіметтік емес ұйымдар Конфедерациясы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті ЮНЕСКО, халықаралық журналистика кафедрасы ұйымдастырып, өткізеді.

 

Әділқазылар алқасы

1. Байқауға танымал журналистер, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің оқытушылары мен қоғам қайраткерлері қазылық етеді.

2. 2016 жылдың қараша-желтоқсан айларында үздік жұмыстар бекітіледі.

 

Негізгі қағидалар

1. Мектеп оқушыларының шығармалары төмендегі байқау шарттарына сай болуы керек: Тәуелсіз Қазақстандағы қазақстандықтардың өмірі мен тарихын негізге ала отырып, жастарға патриоттық тәрбие беру.

2. Жұмыстар шығармалар байқауының барлық шарттары мен ұсынылған байқау тақырыбына сай келуі тиіс.

 

Марапаттар

1. Әділқазылар алқасы қазақ және орыс тілдеріндегі үздік шығармларды анықтайды. Жеңімпаздарға куәліктер табысталады.

2. Үздік шығармалар қазақстандық әлеуметтік-жауапкершілік журналистика мектебінің сайтында – http: //unesco-kaznu.ucoz.kz/ жарияланады.

 

Есеп беру

1. Әділқазылар алқасы педагогтарға, үкіметтік емес ұйымдарға, журналистерге, БАҚ және т.б. байқауға ұсынылған материалдар үшін рецензия, есеп бермейді, олармен өзара хат алыспайды.

2. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылмайды.

Байқауға ұсынылған материалдардың одан кейінгі қолданылу құқығы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетіне тиесілі.

 

Шығармаларға қойылатын талаптар

1. Шығармалар басылып, профессор Ахметова Лайла Сейсембекқызының электронды поштасына laila_akhmetova@mail.ru , l.s.akhmetova@gmail.com - жіберілу керек.

2. Тек Қазақстаннның мектептері мен орта білім беру орындары оқушыларының шығармалары ғана қабылданады.

3. Шығарма көлемі 3 беттен аспауы керек, 14 қаріп, Times New Roman

4. Шығарманы безендіру келесі беттің оң жағындағы стандартқа сай болуы керек:

Байғабылова Нұрай

10 сынып, №26 гимназия,

Қарағанды облысы, Жезқазған қ.,

Жетекші: Чиркина Валентина Ивановна

e-mail: _________

Әрі қарай шығарма мәтіні


Copyright MyCorp © 2017