Алмаатинская область
2011 жылғы 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес»
Ұлттық ақпараттық науқан барысындағы Алматы облысы бойынша өткізілген іс-шаралар туралы АҚПАРАТ Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2011 жылдың маусым айында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық ақпараттық науқанды өткізу үшін қалалық (аудандық) білім беру бөлімдеріне 2011 жылдын 4 сәуірінде № 02/256 хаттар жіберіліп, іс - шаралар жоспарын бекітті. Науқан өткізу бойынша пресс-релиз, ақпараттық материалдар дайындалып таратылды. Облыс бойынша ҰАН – ның барысы жайлы ауыл педагогтары арасында семинарлар жоспарланып өткізілді.
2011 жылдың 31 мамырында Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті Балаларды қорғау күні қарсаңында облыстағы барлық балалардың жағдайына БАҚ өкілдерінің назарын аудару мақсатында баспасөз-конференциясын өткізді. Конференцияға облыстық ішкі істер департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының кәмелетке жасы толмағандардың ісі жөніндегі бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ғ.Құджақов, қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары, облыстық ата-аналар комитетінің төрайымы Д.Қыдырбаева, «Балалар еңбегінің ең нашар нысандарының алдын алу және ескерту» әлеуметтік орталығының директоры А.Денисова, Республикалық «Литер», облыстық қоғамдық-саяси «Жетісу», «Алатау», «Огни Алатау» және қалалық «Талдықорған», «Білім шапағаты», «Диалог», «Талдау хабаршысы», «Seven Талдыкорган» газеттері мен облыстық «Жетісу», қалалық «Қала тынысы» телеарналарының өкілдері қатысты. Конференцияны департамент директоры Г.Ермекбаева жүргізді.
Шара барысында 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні аясында өткізілетін мерекелермен қатар балалардың жазғы демалыстарын тиімді пайдалану мәселелері де қарастырылды. Журналистердің қойған ешбір сауалдарына қанағаттанарлық жауаптар қайтарылды.
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 2011 жылдың 27 мамырында департамент «Юность» жасөспірімдердің дағдарыс орталығы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп Талдықорған қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Дружбой дорожить умейте» атты тақырыпта іс-шара өткізді. Шара шеңберінде жасөспірімдерге Талдықорған қаласының мектеп оқушылары тарапынан даярланған театрландырылған көріністер мен ойын-сауық ұсынылды, сонымен қатар, дағдарыс орталығының психологы балалармен психологиялық релаксация жүргізді 1 маусымда Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті Текелі қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Біз сенің балаларыңбыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты Бүкілқазақстандық акция бойынша мерекелік мәдени-спорттық шара Текелі қаласының орталық алаңында қала тұрғындары, оқушылар қатысуымен ұйымдастырды. Қатысушылар балалар мен жасөспірімдер ұйымдастырған концерттік бағдарламаны тамашалап, «Көңілді старттар», асфальтқа сурет салу, викторина жарыстарына қатысты.
Мектеп оқушылары құрамындағы «Балауса», «Гүлдер», «Балапан», «Балдырған», «Айгөлек», «Маржан» командалары өзара жарысты, жеңімпаздар мақтау қағаздары мен ескерткіш сыйлықтарына ие болды. Департамент өкілдері Сарқан, Қаратал аудандарында балаларға арналған шараларға қатысты, сыйлықтар табыс етті. Облыс мектептерінде психологтар оқушыларға әр түрлі кеңестер берді. Облыс көлемінде балалар арасында «Бала еңбегінің ең нашар түрлері» атты сурет байқауы, еңбек пәні мұғалімдерінің арасында «Ауылдағы бала еңбегі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күндік ҰАН ақпараттандыру мақсатында облыстық баспасөзге жариялануға материалдар дайындалып, акция аясында «Шұғыл бағыт» арқылы балаларға кеңес берілді. Акция аясында әль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті журналистика және коммуникация ЮНЕСКО кафедрасының қолдауымен түсірілген «Бала еңбегіне жол бермейміз!» атты әлеуметтік бейне фильмді қазақ және орыс тілдерінде облыстық ТРК арқылы әзірленді Акция шеңберінде департамент «Дағдарыс орталықтардың одағы» және «Талдықорған өңірлік әйелдерді қолдау орталығы» Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып 2011 жылдың 9 маусымында Ақсу ауданында 2011 жылдың 1 маусым мен 6 маусымда Еңбекшіқазақ ауданында «Бала еңбегіне жол бермейміз!» атты дөңгелек үстелдерді өткізді. Аталған шараға аудандық білім, дене шыңықтыру және спорт, деңсаулық, прокуратура, ішкі істер, әлеуметтік қорғау бөлімдерінің және ауылдық әкімдер мен кәсіпкерлер, мектеп директорлары қатысты. Қатысушыларға плакаттар, буклеттер, флайерлер таратылды.
Әлеуметтік орталық тарапынан құрылған «СКРИМ-СТОП-СИГНАЛ» білім беру модулімен жұмыс істейтін мобильдік-экспресс мектебі Талдықорған қаласының шағын аудандарында, Ақсу ауданындағы Сәтпаев атындағы ОМ оқушыларға арналған тренингтер жүргізді.
2011 жылдың 10 маусымында акция аясында баспасөз-конференция ұйымдастырылды. Баспасөз-конференцияға білім басқарасы, ішкі істер мен бақылау және әлеуметтік қорғау департаменттерінің, облыстық прокуратура, және БАҚ өкілдері қатысты.
|