Форма входа

Поиск

Календарь

«  Март 2023  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Наш опрос

Какие проблемы в области информационная безопасность является на Ваш взгляд приоритетными для РК?
Всего ответов: 57

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0




Четверг, 23.03.2023, 16:50
Вы вошли как Гость | Группа "Гости" | RSS
   
Сайт казахстанской школы
социально-ответственной журналистики
Главная | Мой профиль | Выход
«Қазақстан, әскер, отаншылдық» (ЕРЕЖЕ)


Отан қорғаушылардың 20-жылдығына арналған
«Қазақстан, әскер, отаншылдық»
тақырыбындағы оқушылар арасында ең үздік шығармалар мен суреттерге
жарияланған республикалық бәйгені өткізу туралы ЕРЕЖЕ
 
Жалпы ережелер
1. Республикалық бәйге 2011 жылдың 1 қыркүйегі мен 2012 жылдың 31 қаңтары аралығында өткізіледі.
2. Материалдарды қабылдау мерзімі – 2012 жылдың 5 ақпанына дейін.
3. Бәйгенің қорытындылары 2012 жылдың сәуір айында шығарылады.
4. Бәйгені ұйымдастырып, өткізуді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Әріптес» үкіметтік емес ұйымдарының Конфедерациясы (АКНО) Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық қолдауымен жүзеге асырады.
 
Әділқазылар алқасы
1. Әділқазылар алқасының құрамына белгілі журналистер мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары, әскерилер, қоғамдық қайраткерлер кіреді.
2. Әділқазылар алқасы тақырып бойынша үздік жұмыстарды екі (2) турда іріктейді.
3. 2012 жылдың сәуір айындағы мәжілісте әділқазылар алқасы үздік жұмыстарды бекітеді.
 
Негізгі қағидалар
1. Мектеп шығармалары мен суреттер бәйгенің мақсаты мен міндеттеріне жауап беруі тиіс, нақты: қазақстандық әскердің тарихы мен өмірін үлгі тұта отырып, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу, оларды Қазақстанның отансүйгіштік және рухани-адамгершілік құндылықтарына, қазақ халқы мен қазақстандықтардың әскери дәстүрлері, әдет-ғұрпы, тарихы мен мәдениетіне бейімдеу, әскердің өткені мен бүгінін сөз ете отырып, Қазақстан әскерінің болашағына көз жіберу.
2. Бәйгеге ұсынылған жұмыстар мектеп шығармаларына қойылған талаптарға сәйкес болуы тиіс.
3. Шығармалар бәйгеге ұсынылған тақырыпқа, яғни Отан қорғаушылардың 20-жылдығына арналған «Қазақстан, әскер, отаншылдық» тақырыбына сай болуы шарт. Марапаттаулар Әділқазылар алқасы мүшелері қазақ және орыс тілдеріндегі үздік шығармалар мен суреттерді анықтайды. Жеңімпаздар сертификаттар иеленеді.
Сертификаттармен үздік мектептер, білім беру басқармалары, үкіметтік емес ұйымдар марапатталады.
 
Есеп беру
1. Әділқазылар алқасы хат алыспайды, пікір бермейді және педагогтарға, үкіметтік емес ұйымдарға, журналистерге, бұқаралық ақпарат құралдарына бәйгеге ұсынылған материалдар туралы есеп бермейді.
2. Бәйгеге ұсынылған материалдар қайтарылмайды.
3. Бәйгенің қорытындылары бойынша 2012 жылдың сәуірінде баспасөз мәслихаты өткізіліп, жеңімпаздарға тақырып бойынша үздік шығармалары үшін сертификаттар беріледі. Бәйгеге ұсынылған материалдарды одан әрі қолдану әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Әріптес» үкіметтік емес ұйымдарының Конфедерациясы (АКНО) құқында.
 
Материалдарды төмендегі мекен-жайға және міндетті түрде электронды нұсқасын жіберу қажет: Ахметова Ләйла Сейсембекқызына жоғары сынып оқушылары мен жастарға жарияланған Отан қорғаушылардың 20-жылдығына арналған «Қазақстан, әскер, отаншылдық» тақырыбындағы бәйгеге деген белгімен жіберу қажет. Электронды пошта : laila_akhmetova@mail.ru - Ахметова Л.С.
Веб-сайт: www. http://akno.kz/, http://unesco-kaznu.ucoz.kz/

Copyright MyCorp © 2023