17 қарашада Алматы қ. әкімдігінің 6 қабатында № 3 залда сағ. 15.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған «Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік Стратегиясын» насихаттау бойынша семинар өткізіледі.
Семинар Алматы қаласындағы отбасы және отбасылық қарым-қатынастар, мәселелерді шешу жолдары, ел мегаполисінде жүргізілген социологиялық зерттеулер нәтижелері бойынша нұсқаулар мен тәжірибе тақырыбына арналады.
Семинар қатысушылары сондай-ақ Алматы қаласында 7 ай бойы жұмыс істеген әйелдер көшбасшысы мектебінің жұмысын қорытындылайды. Семинарды «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық бөлімшесі, Алматы қ. Әкімдігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «ЕрАзамат» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Семинардың жұмыс қорытындылары бойынша мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктердің серіктес ретінде одан әрі жұмысын жалғастыруы жөнінде нұсқаулар ұсынылады.
Байланыс ақпараты:
Айгүл Ниязғұлова – 377-34-43 |