Хабарландыру
ЮНИСЕФ - БҰҰ балалар Қоры және «Парасатты еңбек әйелдер одағы» ҚБ 2012 жылдың 1-2 қарашасында Алматы қаласында журналистерге арналған «Балаларға арналған мәселелерді көтерудегі этикалық принциптер» тақырыбымен республикалық семинар өткізеді.
Семинарға Қазақстанның барлық аймақтарынан 20 журналист және Алматы қаласынан 10 журналист шақырылады. Ресей және Украина журналистері де қатысады деп күтілуде.
ЮНИСЕФ БҰҰ балалар Қоры есебінен Алматыға дейін және тұрғылықты жеріне дейін кері қайту үшін поезбен (купе) жол жүру ақысы, қонақ үй, тамақтану төленеді.
Семинардың соңында сертификат беріледі. Журналистердің 2012 жылғы 22 қазанға дейін анкета толтырып, laila_akhmetova@mail.ru электронды поштасы арқылы профессор Лайла Сейсембековна Ахметоваға жіберуін өтінеміз. Журналистік іріктеуден өтсеңіз, Сіз семинарға қатысу үшін шақыру аласыз.
Семинарға қатысушының анкетасы
1. Аты-жөні, әкесінің аты толық
2. Байланыс ақпараты – ұялы телефон, жұмыс және үй телефондары аймақтық мәліметтермен бірге, электронды адрес – жұмыс және жеке 3. Жұмыс орны және қызметі
4. Негіздеу –Сіз семинар жұмысына не себепті қатысқыңыз келеді?
5. Семинар барысында алған біліміңізді болашақта қалай қолдануды жоспарлайсыз?
«Парасатты еңбек әйелдер одағы» ҚБ
|