2018 жылдың бірінші жартысында Журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО орталығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының жанындағы «Қазақстандағы PR және БАҚ. Ғылыми еңбеқтер жинағы» - «PR и СМИ в Казахстане. Сборник научных трудов» ғылыми жинағының 14 саны жарыққа шығады.
Қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде ғылыми жұмыстар байқау негізінде қабылданады.
14 санға мақала қабылдау 2018 жылдың 21 қантарына дейін.
Жинақтың 14 саны Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның 25-жылдығына арналады.
Ғылыми мақалалар жинағы жылына 2 рет шығады.
«Қазақстандағы PR және БАҚ. Ғылыми еңбеқтер жинағы» - «PR и СМИ в Казахстане. Сборник научных трудов» жинағының 12 саны 2017 ж. сәуір айында жарық көрді. Жинақ ЮНЕСКОның мерейтойына арналды.
13 санына Қазақстаннан, Ресей мен Украинадан, Қырғызстаннан келіп түскен қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі мақалалар жарияланды.
Мақалаларға қойылатын талаптар:
7 беттен аспайтын мәтіндер Microsoft Word немесе сонымен үйлесімдегі редакторында электронды нұсқада, Times New Roman қаріпте, 14 көлемдегі қаріппен, бір интервалда ұсынылуы қажет.
Мәтін редакцияланған, автордың қолы қойылған болуы керек, автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы, жұмыс орны мен қызметі, телефон номері, елі толық көрсетілуі қажет.
Мақала соңында 7.1-2003 ГОСТ-ына сәйкес жазылған әдебиеттер тізімі болуы керек.
Міндетті түрде болуы керек: түйін сөздер, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі аңдатпа.
Жұмыстар төмендегі электронды пошта бойынша қабылданады: laila_akhmetova@mail.ru l.s.akhmetova@gmail.com
Бас редактор, профессор Л.С. Ахметова
|