Сіздерді тау-кен металлургия секторы туралы жазатын журналистер арасында өтетін республикалық байқауға қатысуға шақырамыз.
Байқау 2012 жылғы сәуірдің 2-сі мен маусымның 28-і аралығында өтеді.
Байқаудың ұйымдастырушылары - Қазақмыс тобы және Қазақстан Баспасөз клубы.
Байқау бір айналымнан тұрады және арнайы біліктілікті талап етпейді. Бұл шараға республикалық, аймақтық электронды және баспа ҚР БАҚ, сонымен қатар телевизиялық арналар, радио, баспа және Интернет-басылымдарының (газет, журналдар, ақпараттық-сараптамалы мазмұндағы Интернет-сайттар) журналистері қатыса алады.
Байқаудың жеңімпаздары әр БАҚ түрлеріне қарастырылған 4 номинация бойынша анықталып, бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталады.
Байқауды өткізу бойынша сұрақтарға анықтама және кеңес беретін байланыстырушы тұлға - Наталья Мамкова, Қазақстан Баспасөз клубының үйлестірушісі, байланыс телефондары: 8 (727) 264 6758, 264 6737, ngo@pressclub.kz, info@pressclub.kz , www.pressclub.kz, www.kazakhmys.com