ҚАЗАҚСТАН ҚОЛӨНЕРШІЛЕРІНІҢ ШЕБЕР-2012 БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
2012 жылдың 10 қаңтарынан 2012 жылдың 27 мамырына дейін «Шеврон» компаниясының, Орталық Азияның Еуразия Қорының, ЮНЕСКО–ның және ҚР мәдениет және ақпарат Министрлігінің қолдауымен ҚҚ «Our Нeritage» Қазақстан қолөнершілері үшін «Шебер -2012» төртінші байқауын өткізеді. Іріктеу турына сұраныс 2012 жылдың 20 ақпанына дейін қабылданады. Жеңімпаздар келесі жеті номинация бойынша хабарланады: «Асыл ұстаз», «Дарынды бастау»; «Озат iскер»; «Жоғарғы сапа»; «Жаңашылдық; «Төлтумалық»; «Жоғарғы шеберлiк». Жергілікті деңгейде қолөнерді дамытуға елеулі үлес қосқандарға «Қолөнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» сертификаты беріледі. Байқаудың жеңімпаздары шетелге сапарға шығады.
Сұрақтар бойынша мына мекенге хабарласыңыз: ҚҚ «Our Heritage» офисі. Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Қазыбек би көшесі, 85, оф. 26, тел.: +7 (727) 278-06-32, электронды пошта (e-mail): aizhanbekkulova@mail.ru – Айжан Беккулова, ҚҚ «Our Heritage» президенті, t-yana58@mail.ru – Татьяна Гусева, бағдарлама үйлестірушісі Байқау туралы ережелер және шеберлерге арналған сауалнамалар бойынша толық мәліметтермен www.ef-ca.org, www.sheber-craft.kz веб-сайттарында танысуға болады.
|