Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іске асырылу барысы туралы
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыруға бағытталған Жұмыспен қамту 2020 (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірленіп, 2011 жылғы 1 шілдеден бастап іске асырылады.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 91,2 мың адам Бағдарламаға қатысу мәселесі бойынша әлеуметтік келісімшартқа қол қойды. Әлеуметтік келісімшартқа қол қойған Бағдарлама қатысушыларының қатарынан 62,2 мың адам (68,2 %) жұмыссыз, 22,9 мың адам (25,1 %) өз бетінше жұмыспен айналысады, 5,5 мың адам (6,0%) табысы аз адамдар және 518 адам (0,6%) жалдамалы қызметкерлер қатарына жатады. Бұл ретте, 29 жасқа дейінгі жастардың саны 59,6%, әйелдердің үлесі 49,2% адамды құрайды.
Бірінші бағыт бойынша кәсіптік оқытумен 61,0 мың адам қамтылды, оның ішінде 48,1 мың адам кәсіптік даярлаудан өтті, қайта даяр
...
Читать дальше »