ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЮНЕСКО орталығы мен «Әріптес» Алматы үкіметтік емес ұйымдарының Конфедерациясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған VIII республикалық жалпы білім беретін мектеп және орта білім беру мекемелері оқушыларының арасында шығармалар байқауын өткізеді.
Оқушылар арасындағы шығармалар байқауы 2016 жылдың 1 наурызы мен 10 қазаны аралығында өтеді.
Жеңімпаздар куәлікпен марапатталады.
Үздік шығармалар ЮНЕСКО орталығының қазақстандық журналистика әлеуметтік-жауапкершілік мектебінің сайтында жарияланады – http://unesco-kaznu.ucos.kz/.
Шығармалар теріліп, профессор Ахметова Лайла Сейсембеккызының электронды поштасына laila_akhmetova@mail.ru жіберілуі керек.
Шығарма көлемі 3 беттен аспауы керек, 14 қаріп, Times New Roman.
Шығарманы безендіру төмендегі стандартқа сай болуы керек.
...
Читать дальше »